18 Мамыр, 2016

Есепті кездесу өткізеді

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Энер­гетика министрі Қанат БозымбаевЭнергетика министрлігі өңірлерде бейнеконференцбайланысты қамтамасыз ету арқылы Энер­гетика министрі Қанат Бозымбаевтың ха­лық алдында есепті кездесуін өткізу күні ағым­да­ғы жылдың 31 мамырынан 7 маусымға өзгер­тіл­гендігі жөнінде хабарлайды. Кездесу барысында Энергетика министрі атқарылған жұмыстар, мұнай-газ, мұнай-газ-химия, көмір, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жос­парлары туралы егжей-тегжейлі баяндайды және қойылған сұрақтарға жауап береді. Есепті кездесу 2016 жылғы 7 маусымда сағат 15.00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4, «Қазмедиа орталығы» ғи­мараты, Киноконцерт залы. Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда 8 (7172) 786862, 786884 телефон нөмірлері бо­йынша хабарласуды немесе a.atantaeva@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz электронды мекенжайларына жолдауыңызды сұрайды. Берілген сілтеме арқылы http://energo.gov.kz/index.php?id=5451   ҚР Энергетика министрлігінің сайтында сұрақтар қоюға болады.