18 Мамыр, 2016

Мақсары майы

1244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
МаксарыҚазақстандағы Жуалыдан Еуропадағы Брюссельге жіберіледі Нағыз бизнес жай басталып, бірте-бірте қарқын алады. Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы май шығаратын зауыттың алғаш лентасы қиылғанда, күніне 3-5 тонна ғана мақсары өңдейтін. Енді, міне, тынымсыз еңбектің арқасында кәсіптерін дамытып, қазір өнімдерін Қытай, Нидерланд және Бельгия елдеріне шығаруға қол жеткізді. Сұраныс арта түскендіктен, 115 миллион теңге несие алып, Қытайдан жаңа қондырғылар сатып алды. Соның арқасында өнім сапасын арттырып, экспорт көлемін ұлғайтпақ. Қазір зауыттың тәулігіне 30 тонна мақсары сығатын мүмкіндігі бар. – Біз сұйық маймен бірге оны құятын пластмасса құ­тыны да өзіміз шығарамыз. Былтыр мұнда тәулігіне 7 тонна мақсары өңделген. Оның бір бөлігі жартылай шикізат күйінде экспортқа жөнелтілді. Енді өнім шығаруды 2 есеге көбейткелі отырмыз. Бұл үшін майлы дақылды өзіміз егіп, шикізатты тиімді пайдалануымыз қажет. Сондықтан, бізге егін егетін жер керек. Дәнді қазіргідей әр ша­руа­ның алқабынан жинап, қа­былдап алу бізге тиімсіз. Бүгінде отандық өнімге деген сұраныс жақсы. Өйткені, халық Қазақстанда жасалған тауардың экологиялық таза әрі сапалы екендігін жақсы біледі, – дейді зауыт директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Әнуарбек Сағындықов. Міне, бір кездері ескі ас­тық қабылдайтын мекеме базасында ашылған бұл зауыт осылайша құлашын кеңге сермеп, сәтімен алға басып келеді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы