18 Мамыр, 2016

Жамбыл облысы әкімдігінде тағайындау болды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18.05.2016 TAR-2. ТАРАЗ. 18 мамыр. Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы болып Есімбеков Болат Дәулетбайұлы тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Болат Есімбеков 1978 жылы туған. Білімі жоғары. 2000 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «инженер-экономист» және 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы локомотив пайдалану депосының бухгалтері болып бастаған. 2003 – 2012 жылдары «КазТрансСервис» АҚ-ның «Оңтүстік» филиалында есепші, «СТК – Сервис Лимитед» ЖШС-де бас есепші, директор, «Қамқор Вагон» ЖШС-нің филиалында бас есепші қызметтерін атқарған. 2012 – 2015 жылдары «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ-ның бас есепшісі, вице-президенті, «ТЭК Элит» ЖШС - нің қаржы директоры болған. 2015 жылдың шілде айынан бастап «Caspian Contractors Trust» ЖШС-нің бас директорының экономика және қаржы мәселесі бойынша орынбасары қызметін атқарған. Оралхан Дәуіт. Дерек, фото: egemen.kz