18 Мамыр, 2016

«Хабар» агенттігінің жаңа басшысы тағайындалды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-05-2016 khabarАСТАНА. 18 мамыр. «Хабар» агенттігі акционерлік қоғамының басқарма төрайымы лауазымына Алмагүл Ахметжанова тағайындалды. Бұл туралы khabar.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» агенттігінің ұжымына жаңа басшыны  таныстырды. Алмагүл Ахметжанова 2016 жылғы 16 мамырда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалған Айдос Үкібайдың лауазымына орналасады. Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова 1975 жылғы 4 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін 1998 жылы «әлеуметтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар. Алмагүл Ахметжанова агенттіктегі өз еңбек жолын 1999 жылы редактор және продюсер лауазымында  бастады.  2002-2004 жылдары бағдарламалар дирекциясының жетекшісі, 2005-2011 жылдары бағдарламалар дирекциясының директоры, 2012 жылдан бастап бүгінге дейін басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті. «Хабар» агенттігі акционерлік қоғамы медиа холдингі 1995 жылы құрылды. Қазақстанда және шет елде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын «Хабар» арнасы, жерсеріктік арна Kazakh TV, тәулік бойы ақпарат тарататын 24 KZ және мәдени-ағартушылық «Білім және Мәдениет» атты төрт арнадан тұрады. Аян Әбдуәли. Дерек: khabar.kz. Фото: 24.kz.