18 Мамыр, 2016

Жамбыл облысы сәулет және құрылыс басқармасына жаңа басшы келді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18.05.2016 TAR-3. ТАРАЗ. 18 мамыр. Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Асқар Рыспаев тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Асқар Рыспаев 1958 жылы туған. Білімі жоғары. 1980 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «сәулетші» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1980 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтында оқытушы болып бастаған. 1982-1989 жылдары «Южгорсельпроект» мемлекеттік жобалау институты, «Мангышлакнефтегазстрой» №2 трестінде сәулетші, шебер, бас инженер лауазымдарын атқарған. 1989-1996 жылы Жаңаөзен қаласының, Жамбыл қалалық сәулет басқармасының бас сәулетшісі қызметтерінде болған. 1996-2000 жылдары «Жамбылгражданпроект» АҚ-ның президенті, 2000-2005 жылдары «Госархстройконтроль» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақмола облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және көлік шаруашылығы басқармасының бастығы-бас сәулетшісі, Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі, 2005-2010 жылдары «Арт-Сәулет» жобалау-құрылыс фирмасының директоры, Жаңаөзен қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарында болған. 2010-2011 жылдары «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институты» АҚ-ның бас сәулетшісі қызметін атқарған. 2011-2015 жылдары «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институты» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры қызметін атқарған. Оралхан Дәуіт. Дерек, фото: egemen.kz