18 Мамыр, 2016

Израильде ежелгі кеменің қалдықтары табылды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-05-2016 israelАСТАНА. 18 мамыр. Израильдің Кейсария аймағынан ежелгі кеменің қалдықтары табылды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Көне жәдігерлерді алғаш болып дайверлер тапқан. Осыдан кейін археологтарға хабар берді. Олардың айтуынша, кеме ежелгі Рим халқына тиесілі болған. Шамамен осыдан бір жарым мың жыл бұрын қоладан жасалған бұйымдар, мүсіндер, құмыралар және ақша артып бар жатқан кезінде суға батып кеткен. Мәліметтер бойынша, кемеден табылған ежелгі жәдігерлер жақсы күйінде сақталған. Мамандар кеме біздің заманымыздағы ІV ғасырдың ортасында апатқа ұшырағанын мәлімдеді. Ол шамамен Рим императоры Константиннің кезі. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.