ҚАРАҒАНДЫ. 18 мамыр. Кеше Қарағанды облысындағы Ақтас елді мекенінде тұрғындар арасында болған кикілжің кезінде мылтық атылып, салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазіргі уақытта тұрғындар арасында туындаған жанжалдың нақты себептері анықталуда. Кикілжің кезінде бұзақылардың бірі қару алып, 34 жастағы ер адамды атқан. Ауыр жарақат алған ол ауруханаға жетпей қайтыс болып кетті.
Қылмыстық полиция қызметкерлері күдіктіні сол күні қамауға алып, оқ атылған мылтықты тәркіледі. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындады.
Оқиғаға қатыстылардың барлығы анықталып, оларды ұстау бойынша тиісті шаралар іске асырылып жатыр.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: nahnews.org.
• 18 Мамыр, 2016
Ақтас ауылында бір адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше