ӨСКЕМЕН. 18 мамыр. Шығыс өңірінде «Мәңгілік ел» патриоттық идеясына арналған ашық диктант жазу шарасы өткізілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық орталығына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған диктант еліміздің барлық өңірлерін қамтып отыр. Бұл шарада белсенді оқушылар мен студенттер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз білім-біліктерін тексерді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шараның мақсаты «Мәңгілік Ел» патриоттық актін насихаттау, мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру, қазақстандық біртектілікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту болып отыр.
Ұйымдастырушылар әр жұмысты тексеріп болғаннан кейін ең сауатты қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етеді.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық орталығы.
• 18 Мамыр, 2016
Өскеменде «Мәңгілік ел» идеясына ашық диктант жазылды

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше