20 Мамыр, 2016

Білетіндер бар ма екен?

307 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
караулЧехияда қазақстандық әскери тұтқындардың жерленген орындары табылды Жақында Қазақстанның Чехиядағы елшісі Сержан Әбдікәрімов осы елдің Оломоуц аймағындағы Йесенице өңіріне (Горны Липове, Домашов, Рудохоржи елді мекендері) барып, жергілікті өкімет пен қоғамдық ұйымдар өкілдері және ерікті-іздеушілермен бірге, кеңес әскери тұтқындарының, оның ішінде Қазақстаннан тартылған әскери жауынгерлердің зиратына гүл шоқтарын қойды.  Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Йесенице өңірінде Кеңес Одағы республикаларынан, Ұлыбритания, Франция және Поль­шадан 6 мыңға жуық әскери тұтқын жұмыс істесе, ол жерлер­де немістің 60-қа жуық еңбек ла­герьлері орналасқан екен. Ресей және Чехияның қо­ғамдық ұйымдарымен, ерікті іздеушілермен сол лагерьлерде қаза болған 1300-ге жу­­ық әскери тұтқынның, оның ішінде 16 қазақстандық жауынгердің аты-жөндері мен өмірбаяндық мә­ліметтері жи­нақталды (ақпарат www.obd-memorial.ru парақшасында орналасқан). Йесенице өңірінің жергілікті өкіметімен және ерікті-іздеушілермен сол маң­­да жерленген басқа да отан­­­­дас­тарымызды із­дестіру және сәйкестендіру бойынша жұ­мыс­тарды жалғастыру жө­нін­де уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазақстанның Прагадағы ел­шілігі қаза болған отандастарымыздың туған-туыс­­­­қан­дарына өздерінің әке-аталарының жерленген жерлерін іздеп анықтау үшін Чехияның жер­гілікті өкіметімен байланыстар орнатуына қолғабыс көрсетуге дайын екендігін білдіріп отыр. Бұл мәселе бойынша Қазақ­стан­ның Чехиядағы елшілігінің бірінші хатшысы Дамир Уажановқа хабарласуға болады. Оның жұмыс телефоны: +420 233 310 671, ұялы телефоны: +420 739 341 414, эл. пош­тасы: d.uazhanov@mfa.kz. Қазақстан азаматтары үшін елшілік Чехия жерінде жатқан отан­дастарымыздың аты-жөндерін жариялап отыр: Жұмағазы Алтыбаев, 1921 ж.т., Алматы облысы («13 март» ауы­лы); Молдынамов, 1904 ж.т., Кирилловка ауылы; Алвип (Алби, Алиби) Тайла, 1899 ж.т., Гурьев облысы, Маңғыстау ауданы, Ауырпа ауылы; Смаил Бейминов, 1906 ж.т., Ақтөбе облысы (Ырғыз ауы­лы); Таш (Тажи, Тас) Утюгулов, 1900 (1903) ж.т., Ақтөбе облысы (Шұбарқұдық ауылы); Сантай Істілеев (Истелеев), 1915 ж.т., Қызылорда облысы (Октябрь ауы­лы); Байекі (Bajeki) Көселбаев (Касельбаев), 1912 ж.т., Қызылорда облысы (Қазалы қ.); Наркаш Күл­жұманов (Күлшуманов), 1904 ж.т., Жангелді ауданы (Бірлік ауылы); Шаяхмет (Шейахмед) Сүлеменов (Сүлейменов), 1921 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы (Зайсан ауылы); Белгібай Сүлейменов, 1903 ж.т., Шығыс Қа­зақстан облысы, Тарбағатай ауданы (Зайсан ауылы); Жұмағұл Исмурзин, 20 шілде 1897 ж.т., Қостанай облысы, Семиозер ауданы (Жаркөл ауылы); Муфтуәли Досмұхамбетов, 1891 ж.т., Саратов облысы, Бала­ково ауданы (Наталин ауылы); Сағи Алманов, 1898 ж.т., Сталинград облысы (Харабали селосы, Комсомольская көшесі, 3. Сырдалы Арсалиев, 1903 ж.т., Қызылорда облысы, Арал ауданы (Күртарал ауылы); Қалмырза Амалбеков, 1906 ж.т., Оңтүстік Қазақ­стан облысы, Киров ауданы (Интернационал ауылы); Айси Досмырза, 1913 ж.т., Қазақ ССР, Рузаев ауданы (Ақшынақ ауылы).  «Егемен-ақпарат»