20 Мамыр, 2016

Санкт-Петербургтің сазды сәлемі

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Қазақстан Респуб­ликасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорыныңында Ақмола облысы және Астана қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілері және мүмкіндігі шектеулі балалардың, сондай-ақ музыкалық мектеп-интернаттар оқушыларының алдында (250 баладан астам) бірінші рет Смольный шіркеуінің Камералық хоры (Санкт-Петербург қаласы) концерт берді. Концертпен қатар, Нева өзе­ні бойындағы қаланың жаңа кел­бетін ашатын «Петербург – періштелердің көзімен: Исаакий­дің көзімен» деп аталатын фото­көр­ме ұсынылды. Фотокөрме «Исаакиев шіркеуі» мемлекеттік мұражай-ескерткішінің бастаушы және кәсіби фотографтардың Санкт-Петербургті және оның көрікті жерлерін көрсететін жобасы. «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасын іске асыру Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Қоры­ның және Қазақстан Республи­касы Тұңғыш Президенті Мұражайы­ның бірлескен іс-шарасы болды. Сол күні «Назарбаев орталы­ғында» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және «Исаакиев шіркеуі» мұражай-ескерткіші арасындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойыл­ды. Осылайша, жаңа ауқым­ды жобаларды іске асыру үшін негіз қаланды. – Біз үшін Қордың қыз­метінің мүмкіндігін кеңейту, мәдениет, тарих және өнер са­ласындағы әлемдік сарапшылармен ын­тымақтаса жұмыс істеу, жас ға­лымдардың наза­рын аудару, өскелең ұр­паққа білім беру, сондай-ақ дарын­ды ғылыми және шығар­ма­шыл жастардың бір­лескен ғы­­­лыми және ғылыми-тә­жі­рибелік кон­ференцияларға, се­ми­нар­ларға және симпо­зиум­дарға қа­тысуы өзекті мәсе­ле­лердің бірі болып табылады, – деді Қазақстан Рес­публикасының Тұң­ғыш Пре­­зиденті – Елбасы Қорының ат­қарушы директоры Сағындық Нұраханов. «Егемен-ақпарат»