18 Мамыр, 2016

Батыс Қазақстанда бюджет қаржысын жымқырған балабақша директоры сотталды

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-05-2016-balabaksha 01ОРАЛ. 18 мамыр. Батыс Қазақстанда бюджет қаржысын жымқырған балабақша директоры сотталды. Бұл туралы batysnewskz.kz порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Орал қалалық сотының үкімімен №20 «Балбөбек» мектепке дейінгі ұйымының директоры А.Төлегеноваға қомақты көлемде айыппұл салынды. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, 55-баптың 4-бөлімі қолданыла отырып, мүлкін тәркілеумен бірге 5000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Орал қалалық прокуратурасы аталған балабақшаны тексеру барысында бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтаған болатын. Атап айтқанда, А.Төлегенова психологты формальды түрде жұмысқа қабылдаған. Оған мұнда мүлдем еңбек етпесе де, 2014 жылдың маусымынан 2015 жылғы қазан айына дейін 716 690 теңге негізсіз төленген. Бұл қаражатты директор өз қажетіне жұмсаған. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Темір Құсайын. Дерек, фото: batysnewskz.kz.