21 Мамыр, 2016

Талдықорғанда жасөспірімге сыра сатқан сатушы жазаға тартылды

152 рет көрсетілді

21-05-16-pivo

ТАЛДЫҚОРҒАН. 21 мамыр. Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласында жасы 21-ге толмаған жасөспірімге сыра сатқан сатушыға қатысты жаза қолданылды. Бұл туралы облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Істі облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады. Сот процесі барысында анықталғандай, сатушы 21 жасқа толмаған жігітке 1 бөтелке сыра сатып, алкогольді өнімдерді сату жөніндегі заң талабын бұзған. Осы жауапсыздығы және заң талабын бұзғаны үшін сатушы әйелге 40 айлық есебі көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, оның алкогольді өнімді сату лицензиясы 1 айға тоқтатылды. Нұрбол Әлдібаев. Дерек: Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз

Ұлттық спорт • Бүгін, 21:41

Алан алған 15-ші жүлде

Теннис • Бүгін, 21:36

Доллар бағамы төмендеді

Қаржы • Бүгін, 15:56

Ұқсас жаңалықтар