22 Мамыр, 2016

Ашхабадта Артық Жаллыевтің ұлы қызметінен босатылды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-05-16-artyk_jallyev

АСТАНА. 22 мамыр. Түрікменстан президенті Гурбангули Бердымухамедов «Түрікменфильм» басшысын жұмыстағы кемшіліктері үшін қызметінен босатты. Бұл туралы «Хроника Туркменистана» газетінің ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. «Гундогар» сайты хабарлағандай, Түрікменстан басшысы Огузхан атындағы «Түрікменфильм» бірлестігінің төрағасы, белгілі режиссер Сапармухаммед Жаллыевті жұмыста жіберген кемшіліктері мен өзіне жүктелген міндетті атқара алмағаны үшін қызметінен босатып жіберген. Сапармухаммед Джаллыев – кеңес және түрікмен киносының жұлдызы, атақты актер әрі режиссер, Түрікмен КСР халық әртісі Артық Жаллыевтің (суретте) ұлы. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Хроника Туркменистана.