ҚОСТАНАЙ. 23 мамыр. Қостанай ауданында бір отар қой ұрлаған ұрыны алдымен машинамен қуған полиция лейтенанты жолсыз жайылымда жүру мүмкін болмағандықтан, бақташының атын сұрап мініп қуып, ұстады. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қостанай ауданы ішкі істер бөлімі қылмыстық полиция бөлімінің қызметкері Олжас Нұржанов өзінің кезекшілігінде қой ұрлаған ұрыны тап бастырмай ұстады. Ол алдымен ұрының ізімен жаяу және машинамен жүріп өтті, сосын жергілікті бақташының атын сұрап мініп, бес шақырымнан кейін 51 бас қойды айдап кетіп бара жатқан ұрыны ұстап алды.
Олжас Нұржанов: «Оқиға болған Садовый ауылына келсек, қораның аузын бұзып, тұрғынның 51 бас қойын алып кетіпті. Мен дереу қойдың ізіне түстім», – деді.
Полиция алдымен жаяулап мал тұяғының ізінен қалмай 20 шақырым жер жүріп, Осинов ауылына дейін келген. Артынан қойдың иесі машинасымен жетіп, екеуі әрі қарай ізге түскен. Олар аудан орталығы Затобол поселкесіне дейін іздеп барған. Поселке сыртында мал бағып жүрген бақташы бір көк күртеше киген жігіттің көп қой айдап бара жатқанын көргенін, оның кеткен бағытын да сілтеген. Сосын жолсыз жайылымда машинамен жүру мүмкін болмайтындықтан полицей бақташының атын сұрап мінген. Бес шақырымдай жүргеннен кейін күдікті мен қой отары алдынан шыққан. Күдікті полицейді көріп, қаша жөнелген. Бірақ ол құтыла алмады.
Бір қызығы, Олжас Нұржанов атқа өмірінде бірінші рет мініпті. Ол ұрыны аудандық ішкі істер бөліміне алып келген. Күдікті бұрын сотталған, Новоселов ауылының тұрғыны екен. Жұмыссыз ұрлаған қойын сатып, ақша табуды ойлапты. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, фото: Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Елорда • Бүгін, 17:51
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Оқиға • Бүгін, 17:43
Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады
Туризм • Бүгін, 17:12
Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды
Спорт • Бүгін, 17:03
ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 16:32
Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды
Ғылым • Бүгін, 16:16
Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды
Есірткі • Бүгін, 15:55
ҚазҰУ-да үстел үсті спорттық ойындарынан чемпионат өтті
Спорт • Бүгін, 15:34
Балқаштан Алматы мен Астанаға тікелей рейстер іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 15:25
Allur «Еңбек Жастары» волонтерлік қозғалысын іске қосты
Волонтер • Бүгін, 15:15
Қазақ файтерлері қарсыластарын нокаутпен жеңді
Спорт • Бүгін, 15:10
Атырау облысындағы тексерістен кейін полиция басшылары қызметінен шеттетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:03