23 Мамыр, 2016

Шымкентте кеше 12 жасар қыз бала жоғалып кетті

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-05-16-Nasy-r-Baln-r

ШЫМКЕНТ. 23 мамыр. Қалада кеше 12 жасар қыз бала аяқ астынан жоғалып кетті. Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Хабарланғандай, бүгін Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Қаратау полиция бөлімшесіне «Нұрсат» шағын ауданында тұратын 34 жастағы әйел өзінің 2004 жылы туған, №80 орта мектептің 5-сыныбында оқитын Насыр Балнұр Бақытжанқызы есімді жасы кәмелетке жетпеген қызының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып, шағымданып келген. Ол үйден 22 мамыр күні сағат 21:00 шамасында шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Полицейлер аталмыш фактіні т іркеуге алып, кәмелетке толмаған Балнұр Насырдың жүрген жерін анықтау үшін облыстағы барлық ішкі істер бөлімдеріне бағыттамалар жіберді. Жоғалған қызды іздестіру мақсатында облыстық ішкі істер департаменті криминалды полициясы, Қаратау полиция бөлімшесі және департаменттің басқа да бөлімшелері қызметкерлерінен құралған жедел-іздестіру тобы жасақталды. Қыздың белгілері мынадай: бойы шамамен 150-155 см, орта денелі, көзі қара, шашы қара. Жоғалар алдында үстіне жасыл түсті кофта, жасыл түсті шалбар, көкшіл түсті сандал киген. Оңтүстік Қазақстан полицейлері жоғалған Насыр Балнұр Бақытжанқызының жүрген жерлері жөнінде әлдеқандай ақпарлары бар блыс тұрғындары мен қонақтарына 8-771-883-30-13, 8-747-909-99-66 немесе 102 телефондары бойынша ішкі істер департаментіне хабарласуды немесе Шымкент қаласындағы Желтоқсан, 13-үйге келуді сұрайды. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.