Сурет:twitter.com[/caption]
Қызылордада соңғы жылдары мәдениет саласы қарқынды дамып келеді. Соның бір айғағы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен құрылған жастар театры болса керек.
– Бөлім жанынан ашылып отырған жастар театрына бюджеттен арнайы қаржы қаралмаған. Мұндағы артистер – мәдениет үйлеріндегі түрлі үйірмелерде өнер көрсетіп жүрген жастар. Театрдың бастамасы жаман емес, – дейді қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Ғалым Баймырзаев.
Театрда арнайы артистік мамандықтары болмаса да, драматургияны жүрегімен түсінетін жастар өнер көрсетеді. Таяуда ғана шымылдығын түрген театрдың өнерлі өрендері ә дегеннен «Алғашқы махаббат» пьесасын сахналап, өнерсүйер қауым жастардың тырнақалды қойылымына оң бағасын берді. Жалпы, қойылымда артистер қазіргі қоғам келеңсіздіктерін сатиралық жанрда әдемі бейнелеп жеткізген. Онда арман қуған жастардың алдынан көлденең тартылатын кедергілер, мектеп оқушысының алғашқы және баянсыз махаббаты суреттеледі. Жас әуесқой сахнагерлер образдарды шебер сомдап, махаббат машақаты мәселесін тереңнен қозғайды.
– Театрдың алда жоспары көп. Мысалы, Олжас Сүлейменов шығармашылығынан тың дүниелер алып көрсеткіміз келеді. Біржан салдың өмір жолы туралы қойылымды көпшілікке ұсыну жоспарымызда бар, – дейді жастар театрының режиссері Оңталап Нұрмаханов.
Айта кетейік, жастар театры алдағы уақытта мазмұнды қойылымдар қатарын көбейтіп, тың туындыларды өмірге әкелмекші.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше