АСТАНА. 24 мамыр. Жапонияның белгілі Toyota автоконцерні Takata компаниясы орнатқан қауіпсіздік қапшығының олқылығына байланысты АҚШ-та 1,5 миллион көлікті кері қайтарады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мәліметтер бойынша, барлығы 9 үлгідегі көліктерде ақауы бар екені анықталды. Олардың қатарында 2006-2011 жылдары шыққан Corolla, Yaris, Sienna автомобильдері бар. Toyota басшылығының мәлімдеуінше, алдыңғы орындағы қауіпсіздік қапшығының пиропатроны ауыстырылады.
Қазіргі таңда Toyota концерні Takata компаниясы қауіпсіздік қапшығын орнатқан 4,7 миллионнан астам көлікті кері шақырған.
Айта кетейік, Takata 2014 жылы үлкен даудың ортасында қалған. АҚШ билігі жол апаты кезінде қауіпсіздік қапшығының дер кезінде ашылмай қалатынын немесе күтпеген сәтте ашылып, көлік ішіндегі жолаушыларға зардабын тигізетінін анықтаған.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: ТАСС.

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше