ӨСКЕМЕН. 24 мамыр. Облыс әкімі Даниал Ахметов «АвтоВАЗ» ашық акционерлік қоғамы президенті Николя Мормен кездесті. Бұл туралы yk-news.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кәсіпорын басшысы Өскеменде салынып жатқан толық циклді жаңа автокөлік зауытымен танысуға келген болатын. Өңір басшысы мен автокөлік концернінің жетекшісі Өскемендегі «Азия Авто Қазақстан» толық циклді автокөлік зауытының құрылысы бойынша ресейлік-қазақстандық біріккен жобаны жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты және аталған жобаның сәтімен іске асуына мүдделі екендіктерін білдірді. Үкіметте де тараптар автокөлік жобасын жүзеге асыруды жан-жақты талқылаған болатын.
«Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Осы сапарда Өскемендегі жұмыс істеп тұрған және жаңадан салынып жатқан зауыттарда болдым. Қолданыстағы зауыттың тазалығы, жақсы сападағы өнімдер шығарылатыны байқалды. Жаңа зауыт – ауқымды жоба. Оның құрылысына үлкен мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр. Мен бұл жобаның өңір үшін тиімді болатынына сенімдімін, – деді «АвтоВАЗ» президенті Николя Мор.
Ресейлік концерн басшысы қазақстандық зауытқа жиі келіп тұратынын және қажетті қолдау көрсететінін жеткізді.
Айта кетейік, Николя Мор биыл 15 наурызда «АвтоВАЗ» президенті болып тағайындалған. Ал 4 сәуірде акционерлердің шешімі күшіне енді.
Думан Анаш.
Дерек, фото: yk-news.kz.
• 24 Мамыр, 2016
«АвтоВАЗ» жетекшісі Өскемендегі автозауытқа қолдау көрсетпек

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше