24 Мамыр, 2016

Қазақстаннан 6 боксшы чемпионат 1/2 финалына шықты (фото)

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24.05.2016 AST-4 АСТАНА. 24 мамыр. Бүгін бокстан әлем чемпионатында Қазақстаннан алты спортшы жартылай финалға шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ширек финалда Назым Қызайбай (48 кг) үнді қызы Саржубала Шамжетсабамды, Жайна Шекербекова (51 кг) германиялық Азиза Ниманиді, Дина Жоламан (54 кг) жапон Ая Шинмотоны ұтса, Айман Қожабекова (57 кг) Қытай боксшысы Мейлин Гаоны, Валентина Хальзова (69 кг) ирландиялық Грэйнни Уолшты жеңді. Соңынан Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) үндістандық Симой Поонианы тізе бүктірді. Ал Зарина Цолоева (64 кг) ширек финалда қарсыласынан жеңіліп қалды. Бүгін кешкі сессияда Виолетта Князева (75 кг) жартылай финалға шығу үшін шайқасады. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: kfb.kz 24.05.2016 AST-5 24.05.2016 AST-7 24.05.2016 AST-6 24.05.2016 AST-9 24.05.2016 AST-8