24 Мамыр, 2016

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонын шұғыл тексерді (фото)

623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-05-16-tasmaganbetov

ТАЛДЫҚОРҒАН. 24 мамыр. Қазақстан Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бүгін Алматы облысындағы Сарыөзек гарнизонына ұшып келіп, шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы 7sunews.kz ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Қорғаныс министрі әскери бөлімде оқу-жауынгерлік даярлық, әскери бөлімдердің жазғы оқыту кезеңіне әзірлігі мәселелерін бақылап, мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қаза болу дерегі егжей-тегжейлі талқылады. ???????????????????????????????????? Естеріңізге сала кетейік, 21 мамыр күні 12740 әскери бөлімінде парк-шаруашылық күні өткізілу барысында бір қатардағы жауынгер қаза тапты. Күн аясында бөлім, ұрыс машиналары паркінің аумағында, бөлімшелердің ішінде жұмыстар ұйымдастырылған. Ғимаратты бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде құрылыстың бөлігі опырылып түседі. Соның салдарынан құрылыс элементтерінің бірі сол маңайда тұрған 12740 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Е. Жақашевтің үстіне құлайды. Салдарынан ауыр жарақат алған әскери қызметші Сарыөзек кентінің лазаретінде көз жұмады. Оқиғаның себептері жоғарыда аталған бөлім лауазымды адамдарының әскери қызмет өткеру барысында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың орындалмауынан шығады. ???????????????????????????????????? «Әскерде орын алатын қайғылы оқиғаларда қауіпсіздік шараларының бұзылуы, бақылаудың болмауы және лауазымды адамның немқұрайлығы себепкер болады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғаны өте дұрыс және барлық кінәлі адамдар лайықты жазаларын алуы тиіс», - деді қорғаныс ведомствосының басшысы тексеру барысында. Тексеріс аяқталғаннан кейін кадрлық және тәртіптік шешімдер қабылданады. Нұрбол Әлдібаев. Дерек, фото: 7sunews.kz.