25 Мамыр, 2016

Ынтымақтастық жалғасады

267 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
24-05-01Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен қор ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ, әлем­дік қаржы-экономика жүйе­сі­нің дамуындағы маңызды трендтер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев ХВҚ-ның Өңірлік конфере­н­ция­­сын Астана эко­номикалық фору­мы қар­са­ңында Қазақстанда өт­кізу туралы шешімнің біз үшін маңыз­ды қолдау болғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күні­нен бастап Халықаралық валюта қорымен ынтымақтасып келе жатқанын айтты. – Қор қызметкерлері алғашқы жылдары техникалық және қар­жы­лық тұрғыдан зор көмек көр­сетті. Бұрынғы кеңестік өзге мемлекеттермен салыстырғанда біздің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына дейін көп нәрсені жүзеге асыра алды. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы да әлемдік экономика сияқты күрделі кезеңді бастан өткеруде. Бұған бірқатар фак­торлар, соның ішінде шикі­зат ресурстары бағасының төмен­деуі, қазір біз жүзеге асы­рып жатқан құрылымдық рефор­малар­дың кешіктірілуі, сондай-ақ, Ресейге қатысты ахуал мен Қытайдағы экономикалық жағдай ықпал етіп отыр. Соған қара­мас­тан, біз ІЖӨ төмендеуіне жол бермей, оң динамиканы қам­та­масыз еттік және оны биыл да сақтаймыз деген үміттемін. Біздің республика алты жылдан бері экономиканың шикізат ресурстарына тәуелділігін азайту шараларын жүзеге асырып жатыр, – деді Қазақстан Президенті. К.Лагард бірқатар мемлекет­т­ер үкіметтерінің экономикалық блогы­ның басшылары бірінші рет қатысқалы отырған Өңірлік кон­ференцияның табысты өтеті­ніне сенім білдірді. ХВҚ басқарушы директоры сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа қормен арадағы серіктес­тіктің жолға қойылғаны үшін алғыс айтты. Осы серіктестік аясында Қазақ­станға қажетті қолдау, соның ішінде техникалық сипаттағы қолдау көрсету жалғасып келеді. Сонымен қатар, К.Лагард елді экономикалық, индустриялық және инфрақұрылымдық дамыту жө­ніндегі Қазақстан жүзеге асы­рып жатқан реформаларды ХВҚ қолдайтынына назар аударды.