Кеше Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Сингапур Республикасының Мемлекеттік сауда және индустрия министрі, Мемлекеттік ұлттық даму министрі Ко По Кунмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жағдайы мен даму перспективаларын қарастырды. Бақытжан Сағынтаев пен Ко По Кун сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдарды ұлғайту қажеттігі жөнінде ой бөлісті.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қазақстанның Сингапурдың әлеуметтік-экономикалық даму тәжірибелерін белсенді түрде өзіне бейімдеп жатқан елдердің бірі болып табылатынын атап өтті. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын құру, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу, электронды үкіметті дамыту және басқалар бар.
Келіссөздер барысында, сондай-ақ, өнеркәсіптік ықпалдастық, инфрақұрылымдық жобалар шеңберіндегі, қаржы саласындағы өзара іс-қимылдар да талқыланды.

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше