25 Мамыр, 2016

Даму болашағы сөз болды

378 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Үкімет жанаКеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесу өткізді. Тараптар ақша-несие саясатын, құрылымдық рефор­малар өткізуді жетілдіру саласындағы, сон­дай-ақ, Қазақстанның экономикалық дамуы­ның орта мерзімді перспек­ти­­ва­лары мәселе­лері­нің кең ауқы­мын талқылады. «Сізге және сіз­­дің маман­дарыңыздан құралған ко­ман­даға ынты­мақтас­тық, тех­­­ни­­ка­­­лық қолдау және ұсыныс­тар үшін ал­ғыс айтамын», деді К.Мәсімов. Премьер-Министр Қазақстан Үкіметі сыртқы жа­ғым­сыз фактор­ларды жұмсартуға бар күш-жігерін са­лып жатқанын баса айтып, елдің тұрақты дамуына ба­ғы­т­­­т­ал­ған институттық реформалар аясын­дағы Үкі­мет жүзеге асырып жатқан шара­лар жайлы мәлімдеді. Сондай-ақ, ол ХВҚ мүше­леріне Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Астана» халық­ара­лық қаржы орталығын құру туралы идеясын таныстырды. Өз кезегінде К.Лагард «Қазақстан Ұлт­тық қор құрып, дұрыс жаса­ды. Бұл ауыртпалықтардың бір бөлігін жеңілдету үшін ақша-несие саясатында оңтайлы тәсілге мүмкіндік береді», – деді. Және де ХВҚ өңірлік конференциясына қатысуға шақырғаны үшін алғы­сын айтты. «Бұл керемет бастама деп есептеймін. Менің­ше, оны пайдалы форумға айнал­дыруға болады, ол жерде қаржы министр­лері аймақтық деңгейде бір-бірімен сұхбаттаса алар еді», деп атап өтті ХВҚ басшысы. Сонымен қатар, осы күні Қазақстан Үкіметінің басшысы мен ХВҚ-ның басқарушы дирек­торы «Риксос» қонақ үйінде шетел­дік және қазақстандық БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәс­ли­хатын өткізді. Кездесу бары­сында Премьер-Министр осыдан біршама уақыт бұрын Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясы өз жұ­мысын аяқтағанын хабарлай келе, онда қысқа және орта мер­зімді перспективаға арнал­ған үнқатысу шаралары талқы­лан­ғанын атап өтті. Және де аталған конференцияға ХВҚ басқарушы директоры Кристин Лагардтың қатысқандығы үшін ризашылық білдірді. Өңірдегі ахуалға қатыс­ты сындарлы сұхбаттастық пен пікір алмасу барысында біз орта мерзімді келешекте қысқа мер­зімді сілкіністерге қарсы тұру шараларын талқыладық, дей келе К.Мәсімов конференция бары­сында макроэкономикалық сая­сат негіздері, мониторинг жүйе­сі институттарын нығайту қажет­тілігі, өңірлік интеграция, құры­лымдық реформаларды жүзеге асыру мәселелері жан-жақты тал­қыға түскенін тілге тиек етті. Келесі кезекте сөз алған Кристин Лагард ең әуелі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, Үкі­мет басшысы мен Ұлттық банк басшылығына ризашылық білдіре отырып, өзінің келуінен бастау алған кездесулердің макроэкономикалық саясатты жан-жақты талқылауға мүмкіндік туғызғанын атап айтты. Сонымен қатар, Назарбаев Университетте жаһан­дық және өңірлік ахуал, сондай-ақ, Қазақстан, Кавказ және Орта­лық Азия үшін сын-қатер­лер мен мүм­кіндіктер тақы­ры­бында дәріс оқып, студент­тер­мен кездескенін көлденең тартты. Астана – халықтың тұрақ­тылығын айғақтайтын қала, мен бұл қалаға қуана-қуана тағы келемін. Биыл тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отырған Қазақ­стан мемлекетінің табиғи ресурс­тары мен байлығын халық игілі­гіне жұмсайтыны ерекше әсер қалдырды. Қазіргі­дей қиын кезең­дерде тығырықтан жол тапқан мемлекет ретін­де Қазақ­станның ақша-несие саясатын жалғастыру бағытын­дағы ресми органдары пайдаланған іс-қимылдарды қолдаймыз, деді. Эльмира МӘТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан»