Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Александр Ван дер Белленді Австрия Республикасының Федералдық Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев А.Ван дер Белленге Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтау жолдады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Австрия арасындағы достыққа негізделген өзара тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев А.Ван дер Белленге мықты денсаулық, жауапты қызметіне табыс, сондай-ақ, достас Австрия халқына бақ-береке тіледі.