Халқымыз әр жылдағы мамырдың 20-25 жұлдызы аралығын осы шағын хабардың тақырыбына шығарып отырғанымыздай киік лағын өргізетін кез деп санайды.
Әрине, бұл халықтық күнтізбенің дәлдігі мен нақтылығына әрі ақиқаттығына ешкім күмән келтіре алмайды. Осы тұрғыда «дала аруының» қазіргі жай-күйі жөнінде бірер ауыз сөз қозғағанды жөн көрдік. Атап айтқанда, бұл ақбөкендердің Ақжайық аймағындағы бүгінгі санына байланысты, яғни әр жыл сайын сәуір айының соңғы апталарының бірінде республиканың барлық өңірлерінде киіктердің нақты санын есептеу үрдісі енгізілген.
Бұл аса жауапты іс-шара әуе санағы деп аталады. Яғни киіктер санағы қазіргі кезде жерде емес көкте тікұшақтың көмегі арқылы жүргізіледі. Мұны атқаратындар – «Қазақстан биоалуан түрлілігін сақтау қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ғалымдары мен «Охотзоопром» арнайы кәсіпорны және облыстардағы орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары екенін де айта кеткеннің артықшылығы жоқ. Батыс Қазақстан облысындағы аталған инспекцияның бөлім басшысы Талғат Ілиясовтың айтуынша, Ақжайық алабы аумағында бүгінде 51 мыңнан астам ақбөкен бар. Алдағы кезде киіктердің саны қанша болмақ? Жергілікті ғалымдар мен мамандардың тұжырымдауынша биыл Орал өңірінде дала еркелерінің белгілі бір мөлшердегі өсімі күтілмек. Ал осы әуе санағының нәтижесі қашан әзір болады деген сауалға келсек, жетекші мамандардың айтуынша, бұл кез тұтастай республика бойынша жаздың соңғы айына сәйкес келеді. Соған дейін барлық есептеулер мен түсірілімдер өңделмек.
Қазір ел аумағындағы ақбөкендер тұтастай төлдеп болды. Бүгінгі күннен бастап дала арулары лақтарын өргізе бастады дейді мамандар. Киіктің лағын құралай дейді. Ақбөкендер лақтаған кезді халқымыз құралайдың салқыны деп атайды. Өйткені, салқындық ақбөкендердің төлдеуі үшін өте қолайлы жағдай екен. Қайран табиғаттың жаратылысы-ай десеңші. Сол салқындық бұған дейін даламыздың әр қиырында болды да. Енді сірә күн ыситын шығар. Өйткені, синоптиктер алдағы күндері ауаның температурасы 30 градустың үстіне шығады деп отыр.
Даламыздың сәні, әлбетте, киіктер. Ендеше, оның саны көбейе түскеніне не жетсін? Осындайда ақбөкендерді аялайық, киелі жануарлар санатындағы сахараның ботакөздеріне мылтық көздемейік дегіміз келеді.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Батыс Қазақстан облысы

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20