«Орнында бар оңалар» дегенді жетімге ғана емес, жетімнің күйін кешкен көне жұртқа да айтуға болатындай. Ежелгі Ақ орданың орталығы болған Сауран қаласының көне жұртына көз тіге отырып, осындай ойға қаласың...
ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған Сауранда өркениеттің ізі болғандығын құжаттар әйгілейді. Қала туралы алғашқы деректер Х ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Араб тарихшысы Мақдиси өз шығармасында «Сауран – жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар», деп жазған екен. Халық арасына ислам дінінің кеңінен таралуына қала ортасындағы іргелі сол мешіт ықпал еткен көрінеді.
Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550-800 метр болатын дөңгелек алаң. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың VII-XVIII ғасырларға жататынын дәлелдейді (Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005).
«Мың өліп, мың тірілген» қазақ, Құдайға шүкір, тәуелсіздікке қол жеткізіп, үзіліп кете жаздап барып аман қалған үміт қайта жалғанды. Бір кездері Сауранда қоныстанған халықтың ұрпағы енді жаңа жұртқа – Арқаға қоныс тепті. Сарыарқаның төсінен жаңа елорда бой көтерді. Байырғы Ақ Орданың атауы қайта жаңғырды. Елорданың төріне Елбасының Ақордасы орнықты. Заманында Сауранның ортасында бір мешіт болса, бүгінде бас қаланың өн бойында іргелі үш мешіт жамағатына имандылық нәрін сіңіріп жатыр...
Кездейсоқ ештеңе жоқ тегінде. Сауран мен Астана арасында ғасырларға созылған тарихи-рухани сабақтастық бар екендігіне, сірә, талас болмаса керек. Сауранның өткен тарихынан, Астананың қазіргі болмысынан осыны аңғардық. Ендеше, тарихтың тереңінен бастау алған сол сабақтастық алдағы ғасырларға да жалғасты болғай.
ШОЛУШЫ мен СУРЕТШІ

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20