Жақында Женевада өткен ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі дүниежүзілік форумға қатысушылар еліміздің «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңын қарап, сарапшылық топ мүшелері барынша көп оң рецензиялар берді.
Осы жайында Мәжіліске Халықаралық электр байланыстары одағының Бас хатшысы Хоулинь Чжао мырзаның атынан алғыс хат келіп түсті. Форумға қатысушылар Қазақстан Парламенті Мәжілісінің ел азаматтары үшін қолайлы ақпараттық орта құруға қатысты елеулі күш-жігерін ерекше атап өткен.
2015 жылғы 16 қарашада «Ашық үкімет» құру үшін заңнамалық база дайындаған «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң қабылданды. Заңның негізгі идеясы азаматтардың ақпарат алудағы конституциялық құқығын іске асыру болып табылады.
Заңмен ақпарат беруге міндетті субъектілер тізбесі ұлғайтылды, ақпарат түрлері, оларды ұсыну тәсілдері жүйеге түсіріліп, кеңейтілді, мемлекеттік органдар басшыларының жыл сайынғы ашық баяндамалар жасау практикасы енгізілді.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың ақпарат алуға құқықтарын іске асыру мақсатында «Электронды үкімет» веб-порталының тиісті компоненттерінде бірыңғай модуль жасалды, ол «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық бюджет» сияқты үш компоненттен тұрады. Жыл соңында «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» сияқты төртінші компонентті ашу жоспарланып отыр.
Тұтастай алғанда, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, азаматтардың мемлекетті басқарудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтіп, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтеді.
«Егемен-ақпарат»
• 25 Мамыр, 2016
Қазақстан заңы жоғары халықаралық бағалауға ие болды

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03