Қазақстанның бүкіл өңірінде Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойы асқан сүйіспеншілікпен аталып өтуде. Соның бірі – Ұлттық музейде ұйымдастырылған «О. Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты ғылыми конференция.
Шараға алыс және жақын шетелдерден мәртебелі қонақтар, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, сонымен қатар ғалымдар мен студенттер қатысты.
Конференцияда Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай ақын Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы мен қаламгердің қоғамдағы орны туралы айта келіп: «Олжас Сүлейменов – біз үшін ғана емес, біздің ұрпақтарымыз үшін де мақтаныш болатын тұлға. Оның белсенділігін, қоғам үшін атқарған еңбегін ел-жұрты жақсы бағалайды. Ол Қазақстан үшін де, әлем үшін де еңбектері ең көп таралыммен шығып, көп оқылған ақын», – деді.
Олжас Омарұлының жазушылығы, қайраткерлігі, «Невада- Семей» қозғалысының жетекшісі ретіндегі атқарған рөлі, ғалымдығы, саясаткерлігі бүгінде дүние жүзі халықтарына мәлім жайттар.
«Халықаралық жиындарда, ғылыми конференцияларда, саясатта, поэзияда Олжастың бойы да, ойы да ешқашан аласарып көрінген емес. Ол үнемі ел мәртебесін көтерумен келеді. Олжас Сүлейменов азаматтық, адамзаттық биік поэзияны жасаушы», – деді жиында сөз алған қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.
Ғылыми жоба аясында Олжас Омарұлының жазған мұраларын жаңа тың деректер негізінде зерделеу, жастарды отаншылдық пен патриотизмге тәрбиелеу, сондай-ақ қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына және даму кезеңдеріне қосқан үлесін ғылыми тұрғыда жүйелеу жайында ойлар айтылды. Ғылыми конференция барысында О.Сүлейменовтің шығармашылығы мен өміріне арналған фото және кітап көрмелері арқылы ғажайып сырлар шертілді.
Қаршыға КҮЛЕН

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше