АСТАНА. 25 мамыр. Қытай астанасы Бейжіңде High-Tech Expo халықаралық көрмесінде жергілікті инженер мамандары ойлап тапқан ерекше TEB (Transit Elevated Bus) автобусының таныстырылымы өтті. Бұл туралы rosbalt.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
TEB автобусы порталды кранға ұқсастырылған. Ол арнайы қойылған рельс жолдарымен қозғалады. Сонымен қатар, қоғамдық көліктің ерекше тұсы, көлік кептелісінде тұрып қалмай, автомобильдердің үстінен өтуге қауқарлы.
Жобаның басты инженері Баи Цуминнің айтуынша, TEB автобусының қызметі жағынан метро мен монорельстерден кем түспейді және арзандау болады.
Автобустың ені – 8 метр, биіктігі – 4,6 метр, ал ұзындығы – 32 метрді құрайды. Мұндай автобустың астынан автомобильге арналған екі жол өтуге болады. Әзірге бұл жобаның қашан жүзеге асатыны белгісіз. Алайда, осы жылдың екінші жартысында Хэбэй провинциясында сынақтан өткізілу жоспарлануда.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: rosbalt.ru.
• 25 Мамыр, 2016
Қытайда ерекше автобустың таныстырылымы өтті (видео)

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20