ТАЛДЫҚОРҒАН. 25 мамыр. Талдықорғанда Алматы облысы білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының орындалу барысы туралы айтып берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
2015-2016 оқу жылында облыс бойынша жалпы білім беретін 737 мектеп, мектепке дейінгі 826 білім беру ұйымы, 70 колледж қызмет істеді. 2016 жылы білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін бюджеттен 773,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде білім мекемелеріне компьютерлік техниканы сатып алуға – 313,6 млн теңге, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 160,3 млн. теңге, білім беру мекемелерінде бейнебақылау жүргізуге – 74,3 млн. теңге бөлінді. 50 білім беру мекемесінің жылу қазандықтарын сыртқа шығаруға 225,0 млн. теңге қаражат қарастырылған.
Биыл 47 (ЖБ-17, ҰҚ-30) білім беру нысанының құрылыс және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оған Ұлттық қордан және жергілікті бюджет есебінен 32 млрд. 807 млн. 216 мың теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, биылғы жылы 37 білім беру мекемесіне 7 млрд. теңгеден астам қаржыға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Талдықорған қаласындағы №10 және Панфилов ауданы Х.Хамраев атындағы орта мектептерде бастауыш білім беру стандарты және оқу бағдарламасының апробациясы 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптарда өткізілуде.
Биылғы ҰБТ 1 – 7 маусым аралығында өтеді. 15 ҰБТӨП тестілеу өткізуге дайын, қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.
Облыс бойынша 2015-2016 оқу жылындағы түлектер саны – 13322. «Алтын белгі» белгісінен үміткерлер - 364, үздік аттестатқа – 83.
Нұрбол Әлдібаев.
Дерек, фото: egemen.kz

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03