АСТАНА. 25 мамыр. Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов Малайзияның бас прокуроры Мохамед Апанди бин Алимен кездесу өткізді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жақып Асанов малайзиялық әріптесін қазақ жерінде қарсы ала отырып, құқықтық саладағы екіжақты қатынастардың достық және сындарлы сипатын атап өтті.
Сұхбаттасу барысында бас прокурор прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ, шарттық-құқықтық негізді кеңейту және нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
Сұхбаттасушылар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелерді талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі аса өзекті проблемалар жайлы өздерінің ой-пікірлерін айтты.
Екі ел мекемелерінің басшылары екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың едәуір әлеуетін атап өтіп, лаңкестікке қарсы тұру, ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде күш біріктірудің ерекше өзектілігін атап өтті.
Кездесу барысында ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шарттарды жасасу мәселелері талқыланды.
Келіссөздер нәтижелері бойынша, тараптар Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы мен Малайзияның бас прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш құжатқа қол қою өзара ықпалдастықтың дамуына, құқықтық саладағы ақпарат және озық тәжірибемен алмасуға жаңа серпін береді.
Кездесу соңында тараптар құзіретті органдары арасында қылмысқа қарсы тұру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде ықпалдастықтың қалыптасқан деңгейін ризашылықпен атап өтті. Сонымен қатар, олар шарттық-құқықтық негізді кеңейтуге дайын екендіктерін растады.
Талғат Райымбек.
Дерек,фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
• 25 Мамыр, 2016
Жақып Асанов Малайзияның бас прокурорымен кездесті

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03