АТЫРАУ. 25 мамыр. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Түркияның Ақтау қаласындағы бас консулы Корхан Кенгюрюды қабылдады. Кездесу барысында әкім қонақпен түрік тілінде әңгімелесті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кездесуде Атырау облысы мен Түркия Республикасы арасындағы қарым-қатынастың дамуы мен одан әрі өрбуі сөз болды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері екі елдің сауда-экономикалық саласында іскерлік қарым-қатынастың орнағанына, осы орайда, Атырау облысы шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аймаққа айналғанына тоқталды.
Аймақтың инвестициялық тартымдылығының белгісі ретінде жалпы ауданы 3,5 гектар болатын «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркін» айтуға болады. Бұл нысанның мақсаты – инфрақұрылымдық нысандарды салу, іске қосу, химиялық, мұнай-химиялық және аралас өндірістерді дамыту. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақта 14 қатысушы тіркелген. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында өңірдің сыртқы сауда айналымы 68,9 миллион долларды құраса, экспорт көлемі 6,4 миллион долларға тең болған. Статистика департаментінің мәліметінше, Атырау облысында түркиялық капиталдың үлесі бар 21 компания тіркелген.
Кездесу кезінде бас консулдың аудармашысы әкімнің қазақша сөзін түрік тіліне аударса, қонақтың сөзін түрік тілінен орыс тіліне аударып отырды. Осы кезде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бас консулмен түрік тілінде сөйлесе бастады.
«Мен білетін түріктердің бәрі қазақтар сөйлегенде байырғы түрік тілін естігендей боласың дейтін. Себебі, қазақ тілі ежелгі түрік тіліне өте ұқсас» – деді Нұрлан Ноғаев.
Әкімнің осы сөзінен кейін шетелдік мейманның сөзін орысшаға аударып отырған тілмәш мемлекеттік тілде түсіндіре жөнелді.
«Өте дұрыс айтасыз. Қазақ тілі расымен ежелгі түрік тіліне ұқсайды, – деді бас консул Корхан Кенгюрю – Қазақстанның батысы біз үшін Қазақстанның қақпасы болып есептеледі. Қазақ жері түрік халқы үшін қасиетті жер саналады. Біз екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға мүдделіміз».
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Фото: Рахым Қойлыбаев.
• 25 Мамыр, 2016
Атырау облысының әкімі Түркия бас консулымен түрікше сөйлесті

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03