Осы жалпыға ортақ шарт (бұдан әрі – Шарт) бұдан әрі «Оператор» деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 24.08.1998 ж. берген МТК № ДС 0000317 «Қазақстан Республикасының аумағында GSM стандартының ұялы байланысының қызметін ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметімен айналысуға арналған» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Лицензиясы (бұдан әрі – «Лицензия») негізінде іс-әрекет жасайтын «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұдан әрі «Абонент» деп аталатын онда айқындалған талаптарға сәйкес осы Шартқа қосылған тұлғаға ұялы байланыс қызметін ұсыну талаптарын айқындайды.
1. Шарт мәні
1.1. Осы Шарт бойынша Оператор Абонентке таңдалған Тарифтік жоспарға сәйкес ұялы байланыс қызметін (бұдан әрі – «Қызметтер») көрсетеді, ал Абонент осы Шартпен көзделген тәртіппен Оператор көрсететін қызметтерді төлейді.
1.2. Оператор Абонентке Абоненттік нөмірді және сәйкестендіру картасының нөмірін (SIM-картасын) бөледі.
1.3. Оператор Абонентке мынадай негізгі Қызметтерді көрсетеді:
– шұғыл шақыруларды қоса алғанда, дауыс байланысының қызметі;
– қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберу қызметтері.
1.4. Ұялы байланыс желісінің мүмкіндіктеріне қарай Оператор анықтаған тізімдегі көрсетілетін қосымша қызметтер Абоненттің өтініші бойынша ұсынылады.
1.5. Келісім-шарт бойынша Оператордың Абонент таңдаған Тариф жоспары, қосымша көрсетілетін қызметтер тізімі, сонымен қатар науқандар туралы акциялар Оператордың сайтында, Оператордың және/немесе үшінші тұлғалардың кеңселерінде жазылады және/немесе қысқа мәтіндік хабарламалар жіберу арқылы және/немесе Оператордың Қызметтері туралы жарнамалық материалдарында және/немесе Оператордың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінде жарияланады. Осыған орай Абонент Оператордың қосымша қызметтеріне тапсырыс бере отырып, сол қызметтердің көрсетілу шарттарымен, тарифтелуі, төлем жолдарын және оны алуға өз келісімін береді.
Оператор Қызметтерінің тізімі осымен тоқтап қалмайды және оны Оператор толықтырып отыруы мүмкін.
2. Жалпы ережелер
2.1. Осы Шарттың мақсаты үшін мынадай негізгі түсініктемелер қолданылады:
Абонент – осы мақсат үшін Абоненттік нөмірді және (немесе) сәйкестендіру кодын бөле отырып, осы Шарт онымен жасалған жеке немесе заңды тұлға.
Абоненттік нөмір – осы Шартты жасау кезінде Абонентке бөлінетін және онымен басқа абоненттік құрылғыларды қосу кезінде Абоненттік құрылғыны Оператор желісіне қосуды сәйкестендіруші телефон нөмірі.
Абоненттік құрылғы – Абонент тапсырған ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы дабылдарын қалыптастыратын немесе Оператор желісіне қосылатын жеке пайдалану байланысы құралы.
Сымсыз модем (USB-модем) – бұл ақпараттарды жіберіп/қабылдау үшін Ғаламторға қосылуға Оператор желісін пайдаланатын жіберіп-хабарлаушы. Ұялы байланыстың желісін қолдану үшін модемге SIM-карта салынады.
Тарифтендіру бірлігі – Абонент таңдаған Тарифтік жоспарға сәйкес Оператор көрсететін Қызметтердің тиісті түрі үшін төлем алынатын ақпараттың уақытын, санын немесе көлемін өлшеу бірлігі.
Оператордың қызмет көрсету аймағы – Оператор Лицензияға және өз желісінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес Қызметтер көрсететін аумақ.
Сәйкестендіру (идентификациялық) коды – өндіруші-зауыт иемденген абоненттік құрылғы немесе абоненттік станция байланыс операторы желісіне қосылғанда жіберілетін код.
Экспресс төлем картасы – Оператор желісінде Абоненттің қолжетімділігінің жасырын жеке коды бар, Абонентке Оператор қызметтерін көрсете алатын қаражат мөлшері көрсетілген, сонымен қатар белсендіру тәртібімен Оператор өндірген картон немесе пластикалық карта.
Жеке кабинет – Компания сайтындағы Абоненттің жеке бөлімі, оған тіркелгеннен кейін, Абонент жеке мәліметтері туралы, байланыс қызметтерінің шоттарын (төлемдер, шот жағдайы, шот бойынша егжей-тегжейлі ақпарат), тариф жоспарлары мен қосымша қызметтер туралы ақпарат алады. Тариф жоспары мен есептесу жүйесінің шарттарына сәйкес жеке есептік жазбаларын, желі қызметтерін, абоненттік қызмет көрсетуді (қосымша қызметтерді қосу/ажырату, теңгерімді толтыру, тариф жоспарын ауыстыру және басқалар) басқаруды жүзеге асырады.
Дербес шот – Абоненттің Оператор қызметтерін төлеуге енгізілген ақшалай қаражатының түсуі мен жұмсалуын, сондай-ақ Оператор Қызметтерінің көрсетілген көлемінің есебін жүргізуге арналған Оператордың аналитикалық есеп құжаты (Оператордың автоматтандырылған есеп айырысу жүйесіндегі электрондық файл).
Абоненттің ұялы байланыс қызметтерін қолдануы және төлемдердің түсуі бойынша жасалған амалдардың есебін жүргізуге арналған Оператордың аналитикалық есеп (Оператордың автоматтандырылған есеп айырысу жүйесіндегі электрондық файлы) құжаты.
Прайс-парақ – олардың құнын көрсете отырып, Оператор көрсететін Қызметтердің ретке келтірілген тізбесі.
Есептік кезең (есеп айырысудың несиелік тәртібі үшін) – ол мерзім ішінде Абонент осы Шарт бойынша Оператор көрсеткен Қызметтерді төлейтін Есептік кезеңнің аяқталуынан кейінгі отыз күнтізбелік күн.
Тіркеу парағы – Абонент туралы мәліметтерді, Абоненттік нөмір туралы ақпаратты және осы Келісім-шартты жасасу барысында таңдалған Тарифтік жоспар туралы ақпаратты қамтитын осы Келісім-шартқа қосымша.
Роуминг – Оператордың басқа ұялы байланыс операторлары арасындағы роумингтік келісім негізінде басқа ұялы байланыс операторы желісінде Абоненттің ұялы байланыс қызметін ұсынуы.
Оператор Сайты – Оператордың Интернет (Ғаламтор) желісіндегі www.beeline.kz мекен-жайындағы ақпараттық ресурсы (дереккөз).
Тарифтік жоспар – Оператордың абоненттерге немесе абоненттердің белгілі бір тобына не белгілі бір шектеулі аумақта белгілейтін тарифтік ұсыныстарының жүйесі.
Есептік кезең – Қызметтер көрсетілген және есептелінген күнтізбелік ай.
Шартты сома – Абоненттің ақшалай эквиваленттігі көріністегі Қызметтерді алуға арналған құқықтарының көлемі.
Оператор қызметтері – Оператордың абонентке көрсететін негізгі және қосымша ұялы байланыс қызметтері.
SIM-карта – Абонентті сәйкестендіретін және Абоненттің Оператор қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін Абоненттік құрылғының бөлігі болып табылатын микропроцессорлық модульден тұратын дербес қолжетімділік картасы.
2.2. Шарт жария болып табылады, Шарттың талаптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Лицензияға сәйкес әзірленген және Оператор дербес орнатады. Шарттың талаптарын Абонент Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тіркеу нысанына (Шартқа №1 Қосымша) қол қою арқылы тұтастай алғанда, оған қосылу жолымен қабылдауы мүмкін.
2.3. Абоненттің осы Шарт бойынша құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Шартта белгіленген тәртіппен басқа тұлғаларға берілуі мүмкін емес. Оператор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа заңды және жеке тұлғаларды өз қызметін жүзеге асыру үшін тартуға құқылы.
2.4. Оператор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Шартты орындау кезінде Абонент туралы қызметтік ақпараттың (телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, электрондық пошта мекен-жайы, пошта мекен-жайы, жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі, деректемелер (заңды тұлғалар үшін) бизнес сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік), билингтік мәліметтің және Абонентке ұсынылатын Қызметтер туралы мәліметтің, деректерді беру желісіндегі Абоненттің мекен-жайының, деректерді беру желісіндегі Интернет ресурстарға жүгіну мекен-жайларының, Интернет ресурстың сәйкестендірушілерінің, деректерді беру желісінің хаттамаларының электрондық есебін жүргізеді. Абонент Тіркеу парағын толтырып, осы Шартқа отырғаннан кейін осы Шарт бойынша талаптардың орындалуы мақсатында Оператордың оның ішінде, үшінші тұлғаларды тарта отырып, Абонент туралы қызметтік ақпаратты жинауды, сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру құқығына келісімін білдіреді және қарсы емес. Оператор өз қызметі шеңберінде оларды Абоненттің қосымша келісімін алмастан уәкілетті органдарға және (немесе) ұйымдарға беруге құқылы.
2.5. Оператордың Қызмет көрсету аймағында Оператор ұсынатын ұялы байланыс сапасы Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келеді.
2.6. Радиотолқындардың таралуының табиғи жағдайларына байланысты ұялы байланыс қызметтерінің сапасы қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың, топографиялық кедергілердің салдарларынан (жер үсті және жер асты тұрғын үй және тұрғын үй емес құрылыстардың, ғимараттардың, имараттардың жанында, сондай-ақ, олардың ішінде, рельефтің және құрылыстардың маңында), энергия көздерінің жанында, туннельдерде, жертөлелерде, техникалық себептерге байланысты, сондай-ақ, Оператордың қызметімен байланысты өзге де себептерге орай нашарлауы, үзілуі, кедергілерге ұшырауы немесе болмауы мүмкін. Аталған себептердің салдарынан байланыстың нашарлауы немесе болмауы Оператордың өз міндеттемелерін тиісті орындамау фактісі болып табылмайды.
2.7. Ұялы байланыс желісінің конструктивті ерекшеліктеріне байланысты Абонентке ұсынылатын ұялы байланыс Оператордың құзыретінен тыс орналасқан басқа байланыс операторлары (оның ішінде, абоненттердің) және пайдаланушылардың жабдықтарының сапасына байланысты болады.
3. Оператордың құқықтары мен міндеттері
3.1. Оператор мыналарға:
1) Шарттың қолданылу мерзімінде Абоненттік нөмірді Абонентке пайдалануға беруге және осы Шарттың талаптарына сәйкес Оператордың желісіне Абоненттің Абоненттік құрылғысын қосуға;
2) Абоненттің таңдап алған Тариф жоспарына сәйкес негізгі қызметтер көрсетуге;
3) Өтініш негізінде Абонентке қосымша қызметтер көрсетуге;
4) Оператордың әрекет ету аясында Абонентке осы Шарттың талаптарына сәйкес қызмет көрсетуге;
5) Абонентке тізімі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, апат, анықтама және басқа да қызметтермен тегін қосылуларды ұсынуды қамтамасыз етуге;
6) Абоненттердің қызмет көрсету орындарында, Оператордың ақпараттық сайтында оны орналастыру жолымен және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де осы шартта қарастырылған тәсілдермен Абоненттерге оператор және көрсетілетін ұялы байланыс қызметтері туралы толық және шынайы ақпаратты ұсынуға;
7) Қызметтерді пайдаланудың мәселелері бойынша Абонентке тегін кеңес беруді ұйымдастыруға;
8) Оператордың нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес көрсетілетін Қызметтердің кемшіліктерін жою жөніндегі шараларды қабылдауға;
9) Абоненттің жазбаша өтініші бойынша Оператордың кінәсі бойынша байланыстың болмауы жағдайында Қызметтер үшін төлемді қайта есептеуді жүргізуге;
10) Абонентке (жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде) Абонент алған ағымдағы Есептік кезеңдегі Қызметтер, оларды пайдалану уақыты, олардың ұзақтығы мен құны туралы, Абоненттің Оператордың офисіне тиісті жазбаша өтінішімен Абоненттің келуі кезінде байланыстың басқа пайдаланушыларымен барлық шығыс қосылыстары туралы ақпаратты тегін ұсынуға міндетті. Өткен Есептік кезең үшін аталған ақпаратты ұсыну Абонентке мөлшері Прайс-парақта көрсетілетін төлемге ұсынылады;
11) егер шоттарды жеткізу қызметі Абоненттің таңдалған есеп айырысу тәртібінде көзделетін болса, осы Шартта көрсетілген мекен-жай бойынша немесе электрондық пошта бойынша Абонентке Қызметтер үшін шотты қоюға және оларды тегін жеткізуге;
12) Абонентке оларды алу сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша жүгінулерге немесе талап-арыздарға жазбаша жауапты жіберуге;
13) Абонентке көрсетілген Қызметтер үшін артық төленген ақша қаражатын қайтаруға немесе оларды Қызметтерді аванстау ретінде есептеуге;
14) тәулік бойы режімінде Абонентті ағымдағы шоттағы ақша теңгерімін тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
15) Абоненттің төлемді растауын Оператордың алуы немесе Қызметтерді төлеу жөніндегі берешекті жоюын растайтын құжаттарды алуы сәтінен бастап 24 сағат ішінде Қызметтерді көрсетуді жаңғыртуға;
16) Абоненттің Дербес шотындағы ақшалай қаражатының мөлшеріне байланысты Абонентке көрсетілетін Қызметтер көлемін шектеуге;
17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді көтеруге міндетті.
3.2. Оператор мыналарға:
1) Осы Шарттың талаптарына, сондай-ақ, жалпы қолжетімді тәсілмен (оның ішінде: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберу жолымен не ақпаратты Оператордың сайтында және (немесе) Оператордың және (немесе) үшінші тұлғалардың офистерінде орналастыру жолымен) Абонентті бұл туралы хабарландыра отырып, ұялы байланыстың қызметтерін көрсету талаптарына өзгерістер (толықтырулар) енгізуге құқылы. Осы Шарттың талаптарына өзгерістер (толықтырулар) егер, Шартқа өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу туралы Абонентті хабарландыру сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша осындай өзгерістерді қабылдаудан жазбаша бас тартуды Оператор алмаған жағдайда Абонент қабылдаған деп саналады;
2) осындай өзгерістердің күшіне енуіне дейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей Абонентті жалпы қолжетімді тәсілмен (оның ішінде: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы не ақпаратты Оператордың сайтында және (немесе) Оператордың және (немесе) үшінші тұлғалар офистерінде орналастыру жолымен) Абонентті бұл туралы хабарландыра отырып, тарифтерді өзгертуге, жаңа Тарифтік жоспарларды енгізуге, өзгертуге және таратуға құқылы. Бұл ретте, осы Шарт егер, Абонент ол бойынша оған Қызметтер көрсетілген Тарифтік жоспарды тарату туралы хабарлама сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде басқа Тарифтік жоспар бойынша қызмет көрсетуге көшпейтін жағдайда күшін тоқтатады;
3) Абоненттен алдын ала хабарламасыз Абоненттік құрылғының жоғалуы немесе ұрлануы, немесе үнемі құзырлы емес басқа тұлғаның қолдануы туралы ақпараттың келіп түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Шартта көзделген жағдайлардағы бір жақты тәртіппен Шарттың күшін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;
4) Абоненттің осы Шарттың талаптарын бұзуы жағдайында Абонентке жазбаша хабарламаны немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күннің аяқталуы бойынша бұзушылықтарды толық жойғанға дейін Қызметтерді ұсынуды тоқтата тұруға (Қызметтерді ұсынуды жаңғырту бұзушылықтарды толық жоюдан кейін Оператордың тарифтері бойынша жүргізіледі);
5) Абоненттің осы Шарттың талаптарын бұзуы жағдайында, онда бірнеше Абоненттік нөмірлердің болуы кезінде басқалары бойынша берешекті өтеу есебіне бір Абоненттік нөмірлер бойынша Қызметтерді төлеуге алынған ақша қаражатын есептеуге немесе Абонентті алдын ала хабарландырусыз барлық Абоненттік нөмірлер бойынша Қызметтерді ұсынуды тоқтата тұруға;
6) қосымша Қызметтерді көрсету кезінде Оператор Абонентті жалпы қолжетімді тәсілмен хабарландыра (оның ішінде: қысқа мәтіндік хабарламаларды жіберу жолымен не ақпаратты Оператордың сайтында және (немесе) Оператордың және (немесе) үшінші тұлғалар офистерінде орналастыру жолымен) отырып, осындай Қызметтерді ұсыну талаптарын белгілеуге құқылы.
7) Аванстық есеп айырысу жүйесі Абонентінің келісімімен несиелік тұрғыда Қызметтер көрсетіледі. Аванстық есеп айырысу тәртібінің Абоненттеріне көрсетілетін қызметтерді Оператор өзі белгілейді. Оператор несиелік тұрғыда көрсеткен Қызметтер құнын Абонент өзінің дербес шотын толтыру арқылы төлейді және Оператордың көрсетілген қызметтерінің құнын Абонент қызметке қосылғанда дербес шот есебінен шығаруға келісімін береді.
8) Абоненттің көрсетілген Қызметтер үшін берешектері болған жағдайда Абонент Шарттың талаптары мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін берешекті өндіруге қажетті Шарт аясында алынған ақпараттарды үшінші тұлғаларға жеткізуге қарсылығын білдірмей, өз келісімін береді, Оператор берешекті өндіру үшін үшінші тұлғаларды жұмылдыруға құқылы.
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Абоненттің құқықтары мен міндеттері
4.1. Абонент мыналарға міндетті:
1) оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес және белгілі бір аумақта (әуежай, ұшақ және басқалары) қолданылатын ерекше өкімдер мен ережелерді, сондай-ақ, мүмкін болатын кедергілердің туындауы жағдайындағы немесе қауіпті жағдайдағы шектеулерді (медициналық мекемелер, техникалық қызмет көрсету станциялары, отынды сақтау және тиеп-түсіру аумақтары, жарылыс жұмыстарын жүргізу орындары және басқалары) ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы стандарттарға жауап беретін сәйкестік сертификаты бар тиісті сападағы Абоненттік құрылғыны пайдалануға;
2) Абонент қызмет көрсету шарттарымен мұқият танысып, Операторға дұрыс толтырылған, қол қойылған Тіркеу парағын Операторға тапсыруға;
3) Шарттың талаптарына, таңдалған есеп айырысуларға және Тарифтік жоспарға сәйкес Қызметтерді уақытылы төлеуге;
4) Операторға осы Шарттың 2.4-тармағына сәйкес Абонент туралы мәліметтерге жатқызылған шынайы деректерді ұсынуға міндетті. Аталған деректердің өзгеруі жағдайында осындай өзгерістер сәтінен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде бұл туралы Операторды жазбаша хабарландыруға;
5) жеке және сәйкестендіру кодтарын құпияда сақтауға міндетті. Жеке және/немесе сәйкестендіру кодын жоғалту немесе оларға үшінші тұлғалардың қолжетімділігі туралы ақпараттың болуы жағдайында бұл туралы Операторға жедел жазбаша немесе ауызша нысанда (ауызша нысанда хабарлаған сәттен 12 сағаттан кеш емес мерзімде жазбаша нысанда) хабарлауға;
6) Абоненттік нөмірді үшінші тұлғаға беру кезінде бұл туралы Операторға жедел хабарлауға және Шартты жаңа Абонентке қайта ресімдеуге міндетті. Осы тармақта белгіленген тәртіпті бұзумен байланысты үшінші тұлғалардың Абоненттік нөмірді пайдалануы Абонентті Шарттың талаптарын орындау үшін жауапкершіліктен босатпайды;
7) Абоненттік құрылғыны, Абоненттің сәйкестендіру картасын, USB –модемді және Қызметтерге байланысты басқа да құрылғыларды кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қоса алғанда, үшінші тұлғалардың пайдаланулары мен қолжетімділігін қатаң өзі бақылауға;
8) SIM-картаның зақымдануы, жоғалуы, ұрлануы жағдайында бұл туралы Операторға Оператор қызметтерін тоқтату өтінішімен жазбаша немесе ауызша нысанда (ауызша нысанда хабарлаған сәттен 12 сағаттан кеш емес мерзімде жазбаша нысанда) хабарлауға;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді көтеруге міндетті.
4.2. Абонент мыналарға:
1) Оператордың ұялы байланыс желісін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелеріне және осы Шарттың талаптарына сәйкес қолданыстағы стандарттармен, техникалық нормалармен жол берілетін тәсілдермен радиотелефон сөйлесулерін жүргізу және ақпаратты беру үшін пайдалануға;
2) Оператордан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде және тәртіппен Қызметтерді көрсетудің мазмұны мен ерекшеліктері, Қызметтерді төлеу тәртібі туралы, Оператор қызметінің жұмыс режимдері туралы ақпаратты және басқа да ақпаратты алуға;
3) Оператор келісімімен есеп айырысу тәртібін, Тарифтік жоспарды, ұсынылатын Қызметтердің жиынын таңдауды және/немесе ауыстыруды Абонент өзіне ыңғайлы жолмен жүзеге асыруына болады:
– Жазбаша нысандағы өтініш беру;
– Абоненттік құрылғының пернетақтасынан сандар қисынын (пәрменін) теру;
– Жеке кабинете өзгерістерді өздік енгізу.
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4.3. Абонентке мыналарға:
1) басқа абоненттерге Оператордың Қызметтерін пайдалануға кедергі келтіруге;
2) басқа абоненттерге олардың келісімінсіз (спам) Оператордың желісін пайдалана отырып, жарнама, ақпараттық және басқа да материалдарды жаппай жіберуді жүргізуге;
3) Оператор желісінің кез келген бағдарламаларына, дерекқорларына және басқа да бағдарламалық элементтерді құрайтын желілеріне өздігінен (заңсыз) енуді жүргізуге, сондай-ақ, Оператор желіс жұмысының бұзылуына алып келуі мүмкін кез келген басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;
4) кез келген коммутациялық құрылғылар арқылы дабылдарды тоналдық терудің көмегімен кіріс және/немесе шығыс шақыруларының қайта жолдауды пайдалануға;
5) сөйлесулердің тарифтелмеген интервалдарын пайдалану кезінде теріс пайдаланушылықтарға, сондай-ақ маршрутизацияны бұзумен байланысты теріс пайдаланушылықтарға жол беруге;
6) Оператордың желісі арқылы вирустардан немесе басқа да зиянды құрамдас бөліктерден тұратын тұратын кез келген ақпаратты немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді беруге;
7) қосымша қызметтің кез келген тәсілімен алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе иесінің немесе заңды құқық иесінің рұқсатынсыз зияткерлік меншік құқығының объектісі болып табылатын басқа да материалдарды беруге, шығаруға немесе таратуға;
8) Абоненттік нөмірді желінің жұмысын бұзуға және Операторға зиян келтіруі мүмкін лотореяларды, дауыс берулерді, байқауларды, викториналарды, жарнамаларды, сұрау салуларды, жаппай жіберулерді, үшінші тұлғаларға байланыс қызметтерін ұсынуға, кесімді байланыс желісіндегі, ІР-телефониядағы қолжетімділік үшін шлюздерді орнатуға және басқа да іс-шараларды жүргізу үшін пайдалануға тыйым салынады.
5. Оператор Қызметтерінің құны және есеп айырысу тәртібі
5.1. Оператор Қызметтердің барлық түрлеріне арналған тарифтерді дербес белгілейді және Тарифтік жоспарларда көрсетіледі. Оператор Тарифтік жоспарлардың тізбесін, оларды пайдалану талаптарын, оларға енгізілген ұялы байланыс қызметтерін және олардағы тарифтерді айқындайды және Оператордың сайтында және (немесе) Оператордың офистерінде орналастыру арқылы және/немесе үшінші тұлғалар немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында шектеу қойылмаған басқа да жолмен абоненттердің назарына жеткізіледі.
5.2. Қызметтер үшін тарифтер – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеде белгіленеді. Қызметтерді көрсету үшін барлық төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеде жүргізіледі.
5.3. Радиотелефон қосылысы ұзақтығының есебі қабылданған тарификация бірлігіне сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тарификация бірлігінің аз мөлшерінің трафигі қызметтердің аталған түрі үшін тарификация бірліктерінің толық мөлшері ретінде тарифтеледі.
5.4. Қызметтер үшін есеп айырысулар мынадай есеп айырысудың жүйелері арқылы Абонент таңдаған есеп айырысудың тәртібіне байланысты жүзеге асырылады: есеп айырысудың несиелік тәртібі, есеп айырысудың аванстық тәртібі.
5.5. Оператордың шотына ақша қаражатының түсуі немесе Оператордың кассасына ақша қаражатын енгізу күні төлем күні (Абоненттің теңгеріміне ақша қаражатын аудару) деп саналады.
5.6. Роумингте көрсетілген қызметтердің құны роуминг серіктестерінің беретін ақпараты келіп түскен сайын есептеледі. Роуминг барысында кіріс және шығыс байланыс, оның ішінде бағыттаулар Оператор тарифтерінде көрсетілгендей төленуге жатады. Тарифтер мен қызметтерді көрсету шарттары Оператор сайтында және/немесе Оператордың және/немесе үшінші тұлғалар офисінде көрсетілген.
5.7. Қызмет көрсетуге (Роуминг және т.б.) жұмылдырылған байланыс операторлары және үшінші тұлғалармен өзара есеп айырысу ерекшелігіне қарай кейбір жеке Қызметтер құны кейінгі Есептесу кезеңінің егжей-тегжейлі шотына қосылуы мүмкін.
5.8. Есеп айырысудың несиелік тәртібі.
1) Есептік кезеңде Оператор көрсеткен Қызметтерді төлеуді Абонент Оператор қойған шот негізінде Есептік кезең ішінде жүзеге асырады. Осы Шартқа қол қою кезінде Абонент өзінің таңдаған Тарифтік жоспарында белгіленген сомадағы кепілді жарнаны төлейді. Кепілді жарна роуминг қызметін қосу кезінде де белгіленген. Берешектің болмауы кезінде кепілді жарна Шартты бұзу кезінде немесе Абоненттік нөмірді есеп айырысудың аванстық тәртібіне көшіру кезінде Абоненттің жеке шотына қайтаруға жатады.
2) Абоненттің осы Шарттың 5.8-тармағының 1) тармақшасында көзделген көрсетілген Қызметтерді Оператордың төлеу мерзімін бұзуы жағдайында Оператор алдын ала жазбаша хабарландырусыз мыналарға:
а) Қызметтерді көрсетуді тоқтата тұруға;
б) егер, Қызметтерді төлеу жөніндегі берешек Қызметтерді ұсынуды тоқтата тұру сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде өтелмейтін болса, осы Шарттың күшін біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.
3) Оператор ұсынылатын Қызметтердің шегін (лимитін) белгілеуге құқылы. Лимит мөлшері өткен кезеңдер үшін Абоненттік нөмір бойынша сөйлесулердің жиілігін, шоттарды төлеудің уақтылығын және кепілді жарнаның мөлшерін ескере отырып, есептеледі. Оператор көрсетілген Қызметтердің құнының белгіленген шектен (лимиттен) асуы жағдайында Қызметтерді ұсынуды тоқтата тұруға құқылы, ал Абонент Оператор көрсеткен нақты Қызметтер үшін төлем жүргізуге міндеттенеді.
5.9. Есеп айырысудың аванстық тәртібі
1) Абонент Қызметтерді тұтынудың болжамды көлемі мөлшерінде аванстық төлемдер арқылы таңдалған Тарифтік жоспарға сәйкес Қызметтерді төлейді. Осы Шартқа қол қою кезінде Абонент Абонент таңдаған Тарифтік жоспарда белгіленген сомада бастапқы аванстық төлемді енгізеді.
2) Абонентке Абоненттермен есеп айырысудың автоматтандырылған жүйесінде теңгерімін толтыру үшін жеке шотының дербес нөмірі ұсынылады. Абонент төлем құжаттарында ол бойынша төлем жүргізілетін соманы және теңгерімді үшін оған ұсынылған шоттың дербес нөмірін көрсетеді. Абонент аванстық төлем сомасын Қызметтерді тұтынудың болжамды көлемін және Оператордың қолданыстағы тарифтерін ескере отырып, дербес айқындайды.
3) Абонент Оператор Қызметтері үшін төлемді жасамай немесе дер кезінде төлем жасамаған (аванстық төлемді төлемеген) жағдайда Оператор желісінен нақты ажыратқанға дейін тоқтата тұрады немесе Дербес шотты толтырғанға дейін Абонентке Қызмет көрсетуді шектейді.
4) Қызметтерді пайдалану шарасы бойынша Абоненттің жеке шотынан Абоненттің таңдалған Тарифтік жоспарына сәйкес айқындалатын тиісті соманы автоматты түрде есептен шығарады.
5) Оператор Абоненттің берешегінің туындауын болдырмау мақсатында қосылуды үзу арқылы дербес шотта қаржының таусылуы сәтінде Қызметтерді ұсынуды тоқтата тұрады.
6) Роуминг қызметін қосу кезінде Оператор кепілді жарна түрінде ұсынылатын Қызметтердің болжамды көлемін белгілеуге құқылы. Оператор Абоненттің келісімінсіз белгіленген кепілді жарнадан көрсетілген Қызметтердің құнының асуы жағдайында Абоненттік нөмір бойынша Қызметтерді ұсынуды тоқтата тұруға құқылы.
6. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. Оператор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен шарт міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны, Қызметтердің жарияланған сапасы, Қызметтер туралы ақпараттың шынайылығы үшін Абоненттің алдында жауапкершілікте болады.
6.2. Оператор егер, осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісті орындамау мыналардың салдарынан екенін дәлелдейтін болса жауапкершіліктен босатылады:
1) тойтарылмайтын күш жағдайында (өрт, тілсіз қияпат, әскери іс-қимылдар және басқалары);
2) Оператордың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына алып келген мемлекеттік органның актіні шығаруы;
3) Абоненттің Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта белгіленген Қызметтерді көрсету талаптарын бұзуы;
4) үшінші тұлғалардың Қызметтерді заңсыз пайдалануы;
5) үшінші тұлғалардың өзге де іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері), сондай-ақ Оператордың құзыретінен тыс жағдайлар.
6.3. Оператор мыналар үшін:
1) басқа байланыс операторлары, сондай-ақ, басқа операторлар ұсынатын қызметтермен Оператордың Қызметтерді үйлестіруі кезіндегі қызметтердің сапасы үшін;
2) Оператордың желіні және (немесе) Қызметтерді пайдалана отырып, үшінші тұлғалар көрсететін қызметтердің сапасы мен мазмұны үшін;
3) Абоненттің, байланысты пайдаланушылардың және өзге де тұлғалардың Қазақстан Республикасының, оның ішінде, авторлық және салалас құқықтарды қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамасын сақтамағаны үшін;
4) материалдарды және (немесе) ақпаратты алуға келісім берген Абонентке желі және (немесе) Оператордың Қызметтері арқылы үшінші тұлғаларға жіберілетін жарнаманың, ақпараттық және басқа да материалдардың және (немесе) өзге де ақпараттың мазмұны мен нысаны үшін;
5) Байланыс Операторы желісінде жүзеге асыратын жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдардың іс-әрекеттеріне және осы органдардың Абонент және көрсетілген Қызметтері туралы ақпаратты әшкерелеулері үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының Абонентке көрсетілетін Қызметті тоқтату және/немесе шектеу үшін;
6) үшінші тұлғалар әкімдейтін бүкіл әлемдік Интернет желісінің жеке түйіндері немесе ресурстарының қолжетімсіздігі үшін;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда жауапкершілікте болмайды.
6.4. Осы Шартпен көзделген міндеттемелерді орындамауы немесе тиісті орындамауы, оның ішінде, осы Шарттың 4.3-тармағында белгіленген тыйым салуларды бұзу жағдайында Абонент Оператордың алдында жауапкершілікте болады және Операторға толық көлемде шығындарды өтуге міндетті. Абоненттің осы Шарттың 4.3-тармағында белгіленген тыйым салуларды қайта бұзуы жағдайында Оператор Шартты бұзуға және келтірілген шығындарды өндіріп алуға құқылы.
6.5. Қызметтерді төлемеу, толық емес немесе уақтылы емес төлеу жағдайында Абонент Операторға әрбір мерзімі өткен күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасынан 0,1% мөлшерінде өсімақыны төлейді.
6.6. Абоненттік құрылғының және/немесе SIM-картаның жоғалуы, ұрлануы немесе өзге жағдайларда болмауы кезінде Абонент Қызметтерді ұсынуды тоқтату (тоқтата тұру) туралы 12 сағат ішінде Операторлың Абоненттен жазбаша өтінішті немесе одан кейінгі жазбаша хабарландырумен ауызша өтінішті алуы сәтіне дейін Оператор көрсеткен Қызметтерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді алады.
6.7. Егер Оператордың кінәсі бойынша Қызметтерді ұсынудың дәлелденген елеулі бұзылуы салдарынан орын алатын болса, Оператордың жауапкершілігі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзге белгіленбесе, онда бекітілген бір айлық есептік көрсеткішке тең сомадан аспауы тиіс. Кез келген жағдайда Оператор алынбаған пайда, материалдық және (немесе) моральдық шығын түріндегі Абоненттің мүмкін болатын залалдары үшін жауапкершілікте болмайды.
7. Шарттың қолданылу мерзімі, оны бұзу тәртібі
7.1. Осы Шарт Абоненттің Тіркеу нысанына қол қою күнінен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және осы Шартта көзделген негіздер бойынша оны тоқтату сәтіне дейін күшінде болады.
7.2. Абонент кез келген уақытта біржақты тәртіппен (біржақты бас тарту) Шартты бұзуға құқылы. Абонент Шарттан бас тарту туралы өтінішті Операторға жазбаша нысанда ұсынуы тиіс. Оператордың Қызметтерді көрсетуді нақты тоқтатуы Абоненттің жазбаша өтініште көрсетілген күнінен бастап жүргізіледі. Шарттың бұзылуы жағдайында Абоненттің берешегінен босатпайды.
7.3. Абонент бастамасымен Осы Келісім-шартты бұзу/тоқтату барысында Оператор Абоненттің берешегі болмаған жағдайда Абонентке оның Жеке есебіндегі ақшалай қаражат қалдығы Абоненттің Келісім-шартты бұзу жөніндегі жазбаша жеткізілген өтінішін тіркеу сәтінен кейінгі 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қайтарылады.
7.4. Абоненттің осы Шарт талаптарын бұзған жағдайда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да жағдайларда Оператор осы Шартты біржақты тәртіпте (біржақты бас тарту) бұзуға құқылы. Егер осы Шартта тура белгіленбеген болса, Оператор Абонентке Шартты бұзу туралы хабарлама жібереді. Бұл жағдайда Шарттың күші Оператор хабарламасында көрсетілген мерзімнен бастап жойылады.
7.5. Кез келген негіздемелер бойынша Шартты бұзу кезінде Абоненттік нөмір алынады, Абоненттің меншігіндегі Абоненттік құрылғыны Оператор сатып алмайды, SIM-картаның, сондай-ақ, сатып алынған, бірақ белсендірілмеген Экспресс төлем карталарының құны Абонентке өтелмейді. USB-модемнің құны оның белсендірілмеген және сапасы мен жағдайына Оператордың міні болмаған жағдайда қайтарылады. Шарты бұзу немесе тоқтату жағдайында Абоненттің келісімінсіз Абоненттік нөмір алынып, алдағы уақытта Оператордың басқа Абонентіне берілуі мүмкін. Оператордың кез келген акция аясында ұсынатын бонустар мен жеңілдіктері Абонентке қайтарылмайды және құны төленбейді.
8. Өзге шарттар
8.1. Осы Шарттың талаптарымен реттелмегендердің барлығында Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
8.2. Тараптар осы Шарт бойынша мәселелер жөніндегі барлық даулар мен келіспеушіліктерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешеді.
8.3. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Шарт мәтіндерінде қайшылықтар болған кезде орыс тіліндегі Шарт мәтініне басымдық берілетін болады.
9. Оператордың деректемелері:
«22-КаР-Тел» ЖШС, Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Бостандық ауданы, Көктем-2 шағын ауданы, 22-үй, тел. +7 727 3500606, факс +7 727 3500605, e-mail beeline@kartel.kz, СТН 600900131390, IBAN KZ54826A1KZTD2008414 Алматы қ. «АТФ Банк» АҚ филиалы, БИК ALMNKZKA, БСН 980540000397.