АҚТӨБЕ. 25 мамыр. Хромтау қаласында еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Еуразиялық топқа кіретін (ERG) «Қазхром»ТҰК» АҚ XIII спорттық ойындары өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Үш күн аралығында компанияның барлық филиалдары, отандық тау-кен кешенінің ірі кәсіпорындары – Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Казмарганец» кен басқармасы, Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттарының шамамен 300 үздік спортшысы жарыстың волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, кір спорты, баскетбол, городки және дартс түрлерінен өзара сынға түсті.
Осы үш күнде Дөң тау-кен байыту комбинатының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің спорттық алаңы кәсіпорын жұмысшыларының ғана емес, қала тұрғындарының да назарын аударды, олар өз командаларының шашбауын көтеріп, жанкүйер болды. Спартакиаданың шарты бойынша спорттың екі түрінен – городки және дартстан өткен сындарға міндетті түрде кәсіпорын басшылары және кәсіподақ жетекшілері қатысты.
«Осындай ауқымды спартакиаданың біздің Хромтау қаласында өткізіліп жатқаны өте сүйсінерлік. Және бұл өз нәтижесін береді. Мысалға, Ақсу ферроқортыпа зауытының «Металлург» спорт үйінің тәрбиеленушілері Қазақстанда және одан тысқары жерлерде өткізілген жарыстарда биік тұғырдан көрініп жүр. Дөң тау-кен байыту комбинатының волейбол командасы суперлигада ойнайды, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жас гандболшылары бірнеше рет әлем чемпионы атағын иеленді. «Қазхром» спартакиадасы – біздің ұжымның бірігуіне көмектесетін игі дәстүрлердің бірі, деді «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Виктор Тиль.
Спартакиада қорытындысы бойынша екі жыл қатарынан Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшылары бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Дөң тау кен байыту комбинатының спортшылары, үшінші орынды Ақсу ферроқорытпа зауытының командасы иеленді.
Барлық жеңімпаздар және жүлдегерлер медальдармен, кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бірақ «Қазхром» жұмысшылары үшін биылғы спорттық жарыстар осымен аяқталмайды. Тамыз айында компания құрамасы Ақсу ферроқорытпа зауыты базасында өткізілетін Еуразиялық топтың алғашқы спартакиадасына қатысады.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, фото: egemen.kz

Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21
Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27