Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуге кеңес төрағасы, Австрияның бұрынғы Федералдық канцлері А.Гузенбауэр, Польшаның бұрынғы президенті А.Квасьневски, Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы, Италияның бұрынғы премьер-министрі Р.Проди, Израильдің бұрынғы премьер-министрі Э.Барак қатысты.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан экономикасының негізгі даму бағытын, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ, Еуроодақ елдерімен ынтымақтастықты нығайту үшін қабылданып жатқан шараларды, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктің артықшылықтарын пайдалану мәселелерін талқылады.
Қазақстан Президенті әлемдік экономикадағы құбылмалылыққа, оның біздің елге де әсер етіп отырғанына назар аударды.
– Жаһандық экономика өсімі болжанған көрсеткіштерден төмен болып шықты. Бұған қоса, әлем қандай бағытта жылжып бара жатқаны, оны қысқа және ұзақ мерзімді кезеңде не күтіп тұрғаны туралы көңілге қонымды сарапшылық пікір жоқ. Қазір Еуропада, Ресей мен Қытайда күрделі үдерістер жүріп жатыр. Осының бәрі болашақ жаһандық даму тұрғысынан көп ой-пікір тудырады. Сонымен қатар, біздің ел аталған қиындықтарға қарамастан, бұдан әрі ілгерілеуді қамтамасыз ете отырып, өз реформаларын жүзеге асыруын жалғастыруда, – деді Мемлекет басшысы.
Кеңес мүшелері кездесу үшін алғыс айтып, жаһандық күн тәртібінде тұрған өзекті саяси және экономикалық мәселелерге қатысты пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, Австрияның бұрынғы Федералдық канцлері А.Гузенбауэр Қазақстан жүзеге асырып жатқан реформалар жаңа жаһандық сын-қатерлерге уақтылы берілген жауап екенін және олар біздің республикамызға мейлінше дамыған елдер клубынан орын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Израильдің бұрынғы премьер-министрі Э.Барак отандық агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелеріне тоқталды. Ол Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығында бәсекеге қабілетті орынды иеленуі үшін қажетті барлық ресурсқа ие екенін мәлімдеді. Польшаның бұрынғы президенті А.Квасьневски әлеуметтік мәселелерді шешуге, адам капиталын жетілдіруге, шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға бағытталған реформалардың арқасында елдің жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы әрі Италияның бұрынғы премьер-министрі Р.Проди Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақтың арасындағы қарым-қатынастың даму әлеуеті зор екеніне, ол барлық тарапқа, соның ішінде Қазақстанға пайда әкеле алатынына назар аударды.
• 26 Мамыр, 2016
Ілгерілеу қамтамасыз етіліп, реформалар жалғастырылады

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді
Оқиға • Кеше