Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астана экономикалық форумына қатысушылардың бірқатарымен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Колумбия университеті Жер институтының директоры Джеффри Сакс пен Бақытжан Сағынтаев кездесу барысында экономиканы әртараптандыру, Қазақстандағы құрылымдық реформалар мәселелерін талқылады.
SPRING Даму жөніндегі агенттігінің (Сингапур) төрағасы Филлип Йео мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Сингапурдың даму институтының Қазақстанмен ынтымақтастығы үшін маңызды салаларды белгіледі.
Колумбия университетінің экономика профессоры, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің авторы Ксавьер Сала-и-Мартинмен кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев Қазақстанда 2018 жылға дейін жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы әңгімеледі. Сала-и-Мартин Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жақсарту және біздің еліміздің орта және ұзақ мерзімді болашақта тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізуі бойынша өзінің сарапшылдық пікірін білдірді.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Бәсекелестік жөніндегі комитетінің төрағасы Фредерик Женнимен кездесуде экономиканы реттеуден монополияға қарсы реттеу жолымен бәсекелестікті қорғауға көшу мәселесі талқыланды.
Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің атқарушы директоры Марк Узан қазіргі қаржы архитектурасын жаһандық реформалау үдерісі туралы хабарлады.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаты Кристофер Писсаридеспен, экономист Артур Лаффермен, профессор-доктор Клаус Мангольдпен келіссөздер жүргізді.

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Кеше
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Кеше