5 жасар бүлдіршінді өлім аузынан алып қалды
Қойнауы кең Қордай ауданының жұртына осындағы Отар ауылы маңынан орын тепкен әскери бөлімшелердің көмегі өте көп. Бұл бір жағы жұмыс көзі болса, бір жағы әскери бөлімшелердің техникасы да, мамандары да осы төңіректегі ауылдарға жәрдемін жиі тигізіп тұрады. Жақында 63302-әскери бөлімінің дәрігерлері клиникалық өлім аузында жатқан қыз баланы құтқарып қалды. 5 жастағы Алина су толтырылған цистернаға құлап, тұншығып қалған екен. Оны тауып алғандар жақын маңда орналасқан емдеу мекемесіне, Отардағы 63302-әскери бөлімшесінің жекелеген медициналық жасағына жеткізген.
– Қыз бала клиникалық өлім аузында жеткізілді. Оның тері қабаты сұп-сұр, суық болды. Демалуы мен жүрек қағысы болған жоқ. Көзінің қарашығы барынша кеңейіп кеткен. Оны бірден анестезия және жан сақтау бөлімшесіне алып кетті, – дейді медициналық бөлім бастығы, подполковник Абай Рысқұлов.
Қазіргі уақытта жас қыздың жағдайы жақсы. Есін жиды, туыстарын тани бастады. Өздігінен тамақтанады, су іше алады.
Бүлдіршінді өлім аузынан алып қалған медициналық бөлім бастығы Абай Рысқұлов: «Бұл менің жұмысым. Біз бала, ересек, әскери қызметші немесе азаматтық адам деп бөліп-жармаймыз. Біз үшін бірінші кезекте олардың барлығы емделушілер. Бізге жол-көлік апатынан зардап шеккендерді жиі әкеледі. Өйткені, жанымызда Алматы-Қордай тас жолы орналасқан. Оның үстіне барлық жақын орналасқан ауылдардың тұрғындары көмекке жүгінеді», дейді ағынан жарылып.
Әйтсе де дәрігердің жанкешті еңбегі басшылық тарапынан елеусіз қалмайды деген ойдамыз.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Әлем чемпионаты: Бүгін кімдер ойнайды?
Спорт • Бүгін, 19:15
Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04