Таупістелі – көрнекті жазушы Мархабат Байғұттың туған ауылы. Екі жотаның ортасында, қасиетті Қаратау мен басынан ақ сәлдесі түспейтін асқақ Алатаудың іргесіндегі ұядай ауыл. Төменде «балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» Көкбұлақ өзені ағып жатыр. Осы Көкбұлақ осы аққаннан Арысқа, одан Сырдарияға барып құяды екен. Сырдың суымен ұлы дария Аралға қосылады.
Махаң туған осы шағын, жүз елу шақты ғана отбасы бар ұядай ауылда «Мархабат-Мирас» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Таупістелі тағылымы» жобасы өтті.
Ұядай ауылда қазақтың ардақты ұлы Тұрар Рысқұловтың «Түркі тілдес, түгел бол» қағидасы бойынша түркі тілдес халықтардың қаламгерлері, ғалымдары, ұлт зиялылары бас қосып, келелі мәселелерді талқылады.
Қазіргі Пістелі ауылында өткен тағылымды кездесуге Түркия тарапынан халықаралық Қ.А.Ясауи университеті өкілетті кеңес төрағасы, профессор Мұса Иылдыз, Түркия Жоғары білім кеңесі мүшесі, профессор Мухиддин Шимшек, Түркия Білім министрлігі жауапты хатшысы, доктор Юсуф Екинжи және «Манас» университетінің профессоры, Қырғызстан Президенті жанындағы кеңес мүшесі Қадырәлі Қаңқабаев, «Манас» университетінің профессоры Нұриддин Усеев, Өзбекстан Жазушылар одағы қазақ әдебиеті бөлімінің хатшысы, жазушы, аудармашы Мехманқул Исломқулов, халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дархан Қыдырәлі қатысты. Алматы қаласынан ақын, публицист Аманхан Әлім бастаған ақын-жазушылар келді.
Іс-шара барысында «Таупістелі тағылымы» жобасының тұсауы кесіліп, Пістелі ауылындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылады. Пістелі ауылынан 150 азамат сұрапыл соғысқа қатысып, жартысы оралмаған екен.
«Алтын таға» демалыс аймағында өткен басқосуда қазіргі замандағы ізгі істер, ізденістер,сондай-ақ алдағы міндеттер, әлем әдебиеті, көркем әдебиеті, журналистикадағы шеберлік, дәстүр мен жаңашылдық, заман, қоғам, адам және қаламгерлік парыз тақырыбында талқылаулар, жас таланттардың шығармашылығы талданып, жаңа кітаптардың таныстырылымы болды.
Жиында сөз алған Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі түркі әлеміндегі өзекті тақырыптар ЮНЕСКО көлемінде, АҚШ, Франция сияқты мемлекеттерде талқыланғанын алға тартып, соның бір сілемі қазақтың Пістелідей шағын ауылына қосылып жатқандығына сүйінішін білдірді.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі аппараты басшысының орынбасары Ақберен Елгезек облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың құттықтау хатын оқып берді.
Қырғызстандағы «Манас» университетінің професоры Нуриддин Усеев әйгілі «Манас» эпосындағы түркілер мен қытайлар арасындағы болған шешуші айқастың Түркібасы – бүгінгі Түлкібас жерінде Жыланды өзенінің бойында өткендігін жырдағы мысалдармен дәлелдеді.
Түркиядан келген ағайындардың қазақ халқы жөніндегі пікірлері жан жадыратады. Түркия Білім министрлігінің жауапты хатшысы Юсуф Екинжи «Нұрсұлтан Назарбаев – дүниеде тарыдай шашылған барша түркі халықтары арасында үлкен беделге ие тұлға» деп сипаттады.
Түркістандағы ХҚТУ-де өтетін форумда Түркі әлемінің ірі сыйлығымен заманымыздың заңғар ақыны Олжас Сүлейменов пен жазушы Мархабат Байғұттың марапатталатындығын айтты. Түркияның бұрынғы президенті Тұрғыт Өзал марқұмның «Бұл ғасыр түрік ғасыры болады» деген аталы сөзі хақында ойын өрбітті.
Ақын Нармахан Бегалыұлының топоним мәселесіндегі пікірлері түркі халықтарын ойландыратын, алаңдататын мәселе. Мәселен, бүгін біз Кеңес өкіметінің пәрменімен хакас деп аталатын ұлт ежелгі қырғыз жерінде отыр. Атауы хакас емес, қарақас. Новосібір қаласының ежелгі атауы Ноғайсібір. Шаян-түрік тілінде арынды өзен деген мағынаны білдіреді. Түркі халқының тарихын өшіргісі келген империя Иркутск-Тоболинск бойында ағып жатқан ежелгі өзеннің соңғы әрпін алып тастап, Шая атандырған. Олай болса, өзіміздің Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылы да улы жәндік атын емес, өзен ұғымын білдіреді.
Жиынның екінші бөлігінде жас талапкерлер өз туындыларын оқып, оларға оңтүстік журналистикасының атасы Байдулла Қонысбек батасын берді.
Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан педагогика институтының ректоры Оңалбай Аяшев түркі әлемі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Тағылымы мол кеш Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің туған ауылы – Балықтыдағы ойласуға ұласты.
«Байлықты қалтаға жинауды үйрендік, енді жүрекке жинауды үйренейік». Ащылау айтылса да жиындағы байлам осы болды.
Шағын ауылдағы «Таупістелі тағылымының» ұқтырған ақиқаты осы ауылды жанай ағып жатқан Сырдарияға, ұлы көл – Аралға қосылатын Көлбұлақ өзеніндей арынды, айқын. Жүзеге асырылатын ұлы істер өткізілетін орынның үлкен-кішілігіне қарамайды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Бүгін, 21:53
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25