01 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулысы

487 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

2011 жылғы 31 қаңтар № 2 Астана қаласы

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы

Қазақстан Республикасы Кон­с­титуциялық Кеңесі, Төраға И.­И.Ро­гов, Кеңес мүшелері І.­Ж.Бақ­ты­баев, Н.В.Белоруков, А.­Н.Жа­йыл­ғанова, В.А.Малиновский, А.­М.­Нұр­мағам­бе­тов, Ү.­М.Стам­құ­лов қатысқан құ­рам­да, мы­на­лар­дың: Қазақстан Республикасы Үкі­ме­тінің өкілі – Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Әділет министрі Р.Т.Тү­сіпбековтің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі – Қа­зақ­стан Республикасы Парламенті Сенатының Заңнама және құқық­тық мәселелер комитетінің хат­шы­сы С.Б.Ақылбайдың, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі – Қа­зақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төр­ағасы Р.Ж.Мұқашевтың, Қазақстан Республикасы Жо­ғар­ғы Сотының Төрағасы М.­Т.Әлім­бековтің, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.О.Шәкіровтің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі – Қа­зақ­стан Республикасы Бас Проку­ро­рының орынбасары А.­Қ.Да­уыл­баев­тың, Қазақстан Республикасы Ор­та­лық сайлау комиссиясының өкілдері – Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Орталық сайлау комиссия­сы­ның хатшысы Б.С.Мелдешовтің және Қазақстан Республикасы Ор­талық сайлау комиссиясының мүшесі М.А.Сәрсембаевтың, Қазақстан Республикасы Сырт­­қы істер министрлігінің өкілі – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орын­басары Қ.Е.Омаровтың қаты­суы­мен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қа­зақ­стан Республикасының Конс­ти­туциясына өзгеріс пен толық­тыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақ­стан Республикасының Консти­туциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы өтінішін қарады. Баяндамашы – Конститу­ция­лық Кеңестің мүшесі В.­А.Ма­ли­нов­ский­дің хабарлауын, оты­рыс­қа қаты­су­шылардың, сондай-ақ «Құқықтық зерттеулер және талдау институты» Жауапкершілігі шектеулі серік­тес­ті­гінің дирек­то­ры А.Қ.Ғұсмановтың, Қазақ­стан­ның Адвокаттар одағы­ның президенті Ә.Қ.Түгелдің, «Адам құ­қық­тары үшін хартия» Қо­ғам­дық қо­рының атқарушы ди­рек­торы Ж.Ө.Тұрмағамбетованың сөй­ле­ген сөздерін тыңдап, сарапшылар мен мамандардың: заң ғылым­да­ры­ның докторы, профессор, Л.­Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халық­ара­лық құқық кафе­драсының мең­ге­рушісі Е.­М.Абай­ділдиновтің; заң ғы­лымдарының докторы, профессор, «Мемлекет жә­не құқық» жур­налының бас ре­дакторы, Ресей Ғылым академиясы Мемлекет және құқық инс­ти­тутының бас ғылыми қызметкері А.­С.Ав­то­номовтың; заң ғылымда­ры­ның док­торы, профессор, Е.­А.Бө­кетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті конституциялық құ­қық кафедрасының меңгерушісі С.К.Амандықованың; заң ғылым­дарының докторы, «Тұран» университеті заңтану және халық­ара­лық құқық кафедрасының про­фес­соры Э.Б.Мұхамеджановтың; Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық ғылым ака­демиясының академигі, заң ғы­лым­дарының докторы, профессор С.­Н.Сә­­бікеновтің; жа­ңа технологиялар мен процестер бойынша тәуелсіз сарапшы, профессор Ш.­С.Төл­бай­дың; заң ғы­лым­дарының докторы, Қазақ гу­ма­нитарлық-заң универ­си­тетінің профессоры С.Ф.Ударцевтің; Бремен университетінің про­фес­соры Р.Книпердің және Халық­ара­лық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының Қазақстандағы құ­қық­тық бағдарламасының бас­шысы Й.Пудельканың (Германия) қоры­тын­дыларын зерделеп; Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық универ­си­те­тінің мемлекет және құқық инс­ти­тутының және осы университеттің конституциялық және әкімшілік құ­қық кафе­дра­сы­ның; Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің; Қазақ гуманитарлық-заң универ­си­тетінің; «Заңгерлер – әді­лет­ті сай­лау үшін» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қорытын­ды­ларымен; сондай-ақ конститу­ция­лық іс жүргізудің өзге де ма­те­риал­да­рымен танысып, Қа­зақ­стан Рес­публикасы Консти­ту­ция­лық Кеңесі анықтады: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс пен то­лық­тыру енгізу туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңын Қа­зақстан Республикасының Парламенті 2011 жылғы 14 қаңтарда қабылдап, сол күні Мемлекет бас­шысының қол қоюына ұсынды. Қазақстан Республикасы Кон­с­титуциясының 72-бабы 1-тар­ма­ғы­ның 2) тармақшасына және «Қа­зақстан Республикасының Кон­сти­туциялық Кеңесі туралы» Конс­ти­туциялық заңының 17­-бабы 2-тар­мағының 1) тар­мақ­шасына сәйкес Қазақстан Рес­публикасының Президенті бұл Заңды Республиканың Конс­ти­туциясына сәйкестігі тұрғы­сында тексеру үшін Қазақстан Рес­пуб­ликасының Конституциялық Ке­ңе­сіне жолдады. «Қазақстан Республикасының Кон­ституциясына өзгеріс пен то­лықтыру енгізу туралы» Қа­зақ­стан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) консти­ту­ция­лығын тексерген кезде Конс­ти­ту­циялық Кеңес мынаны негізге алды. 1. Тәуелсіз жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізін қалаған, мемлекеттің бірлігін, Конституцияның, адамның және азаматтың құқықтары мен бос­тан­дықтары қорғалуын қам­та­ма­сыз еткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөлі мен миссиясы Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы Тұңғыш Президентінің – Ел­ба­сының ерекше мәртебесін конс­титуциялық-құқықтық тұрғыдан бекіту қажет екенін және оның мақсатқа сай келетінін көрсетті. Парламенттің «Қазақстан Рес­публикасының Конституциясына өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 ма­мырдағы № 254-ІІІ Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Заңын қа­был­дауы арқылы Негізгі Заңның 42-бабы 5­­-тармағының екінші бө­лігіне «Қа­зақстан Республи­ка­сы­ның Тұңғыш Президенті» деген ұғым қосылды, ал 46-бап «Қазақ­станның Тұңғыш Пре­зидентінің мәртебесі мен өкілеттігі Респуб­лика Конституциясымен және конс­титуциялық заңмен ай­қын­да­лады» делінетін 4-тармақпен то­лық­тырылды. Осылайша, Қазақстанда ел Конституциясымен және «Қа­зақ­стан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі № 83-ІІ Қа­зақстан Республикасы Конс­ти­туциялық заңымен Рес­пуб­ли­ка­ның Тұңғыш Президентінің – Ел­ба­сының ерекше мәртебесі регламенттелді. Конституцияның 42-бабының 5-тармағына және 46-бабының 4-тармағына «Елбасы» ұғы­мы­ның енгізілуі Республиканың Тұң­­ғыш Президентінің – Ел­ба­сының конс­ти­туциялық-құқық­тық мәртебесінен қисынды түрде келіп шығады және Негізгі Заң­ның ережелері мен нор­ма­ларына сәйкес келеді. 2. Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Конституциясында респуб­ли­калық референдум мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін шешудің демократиялық әдісі ретінде (1-баптың 2-тармағы), сон­дай-ақ, сайлаумен қатар, халық­тың өз билігін тікелей жүзеге асыруының нысаны (3-баптың 2-тармағы) деп айқындалған. Конституцияның 3-бабының 1-тармағында жарияланған «мемлекеттік биліктің бірден-бір бас­тауы – халық» деген ережеден келіп шығатыны – Қазақстан халқы Қазақстан мемлекетінің, оның еге­мендігінің, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының негізі болып табылады (Конс­ти­туциялық Кеңестің 2003 жылғы 1 желтоқсандағы № 12 қаулысы). Түбегейлі конституциялық құн­дылықтардың бірі бола оты­рып, халықтың еркі білдірілетін акт республикалық референдумда немесе елімізде мезгіл-мезгілімен өткізіліп отыратын республика Президенті және Парламенті сай­лауында дауыс беру арқылы міндетті заң күшіне ие болады. Мәселен, өзінің егемендік құ­қығын негізге ала отырып, Қазақ­стан халқы еліміздің қолданыс­тағы Конституциясын 1995 жыл­ғы 30 тамызда нақ осы республи­калық референдумда қабылдады. Бұл орайда Конституциялық Кеңес, республикалық референдумда дауыс беру арқылы республика өмірінің аса маңызды кез келген мәселесі, соның ішінде Қа­зақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің – Елбасының президенттік өкілеттігін ұзарту тура­лы мәселе де шешілуі мүмкін деп пайымдайды. Конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтас­ты­ғын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын (91-баптың 2-тармағы) өзгертуге бағытталған бастамалар респуб­ли­­калық референдумның нысаны бола алмайды. Конституциялық заңда республикалық референ­дум­ға шығарылатын мәселелерге қатысты өзге де шектеулер белгіленуі мүмкін. 3. Негізгі Заңның 41-бабы 1 – 3 және 5-тармақтарының, 42­-бабы 1 – 3-тармақтарының нор­­ма­ла­ры­мен президенттік ман­дат­тың пайда бо­луы және тоқ­та­тылуы туралы ережелер жүйелі түрде регламенттелген. Мұндай­лар­дың қатарында: Мемлекет бас­шысын жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде рес­публиканың кәмелет­ке толған аза­маттарының жасы­рын дауыс бе­ру арқылы сайлауы; ел Президенттігіне кандидатқа қо­йылатын талаптар; президенттік өкі­лет­тік­тің мерзімі, сайлау өткі­зі­лу мезгілі және оның қорытынды­ларын анықтау ережесі; анттың мә­тіні және қызметке кірісу тәр­тібі; республика Президентінің өкі­лет­ті­гін тоқтатудың негіздері мен тәр­тібі. Бұл ретте Конституцияның 42-бабының 5-тармағы арнайы мақсатты көздейді. Бір адамның қатарынан екі реттен артық республика Президенті болып сайла­нуына тыйым салынуын жалпы ереже ретінде белгілей отырып (бі­рінші бөлік), бұл шектеуді ол Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президентіне қол­дан­байды (екінші бөлік). Қаралып отырған Заңда Конс­ти­туцияның 42-бабы 5-тармағы­ның екінші бөлігі мынадай жаңа редакцияда жазылған: «Бұл шектеу президенттік өкілеттіктер мер­зімі республикалық референдумда ұзартылуы мүмкін Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына қол­да­нылмайды». Конституциялық Кеңес Заң­ның бұл нормасына баға бере отырып, Заңның 1-тармағында Қа­зақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының президенттік өкілеттігі қай мерзімге ұзартылатыны анықталмағанын атап көрсетеді. Мұндай ұзарту­дың бір жолғы немесе қай­та­ланатын сипаттағы екені, не болмаса Мемлекет басшысын сайлаудан толығымен бас тарту көз­де­летіні айқындалмаған. Бұл конституциялық норма­ның анық жазылмауы Конституцияда көзделген мемлекеттік жә­не қоғамдық институттардың практика жүзінде үйлес­пеу­ші­лі­гіне әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл орайда, Конституциялық Кеңес заң заңдық тұрғыдан дәл­ме-дәл және әкеп соқтыратын сал­дары болжаулы болуға тиіс екенін, яғни оның нормалары жет­кілікті дәрежеде анық тұжы­рымдалып, сол арқылы заң ережелерін өзінше пайымдау және қол­дану мүмкіндігін жоққа шы­ғаруға тиіс екенін бірнеше рет атап өт­кен болатын (Конституциялық Ке­ңестің 2008 жылғы 27 ақ­пан­дағы № 2, 2009 жылғы 11 ақ­пан­дағы № 1 және 2009 жылғы 20 та­мыз­дағы № 5 нормативтік қаулылары). Осылайша, Қазақстан Рес­публи­касының Парламенті 2011 жылғы 14 қаңтарда қабылдап, Қа­зақстан Республикасы Пре­зи­ден­тінің қол қоюына ұсы­нылған «Қазақстан Республи­касының Конс­­­титуциясына өз­геріс пен то­лық­тыру енгізу ту­ралы» Қазақ­стан Рес­публикасы Заңының 1-тармағы Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Конс­титу­ция­сы­ның 2­-бабының 1­-тармағына сәйкес келмейді. Баяндалғанның негізінде, Қа­зақстан Республикасы Конс­ти­туциясының 72-бабы 1­-тармағының 2) тармақшасын, «Қазақстан Рес­публикасының Конституциялық Ке­ңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық за­ңының 17-бабы 2-тармағының 1) тар­мақшасын, 31-33 және 37­-баптарын, 38-бабының 1-тармағын, 39-бабының 1-тармағын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын бас­шылыққа алып, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конс­титуциялық Ке­ңесі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республика­сы­ның Парламенті 2011 жылғы 14 қаңтарда қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына ұсынылған «Қазақстан Республикасының Консти­ту­ция­сы­на өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ли­касының Заңы Қазақстан Рес­публи­касының Конституциясына сәйкес емес деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 1-тармағына сай, Қазақстан Рес­публикасының Парламенті 2011 жылғы 14 қаңтарда қабылдаған, Конституцияға сәйкес емес деп танылған «Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Конституциясына өз­ге­ріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының За­ңына қол қойылмайды және ол қолданысқа енгізілмейді. 3. Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының 74-бабының 3-­­тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жат­пайды, рес­публиканың бү­кіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Рес­публикасы Конс­ти­ту­ция­сының 73-бабының 4-тармағында көз­делген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады. 4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы    И.РОГОВ.