28 Мамыр, 2016

ӘЛЕМ-ЖӘЛЕМ ӘЛЕМ

354 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Үйлену тойына мың мысық келді 27-05-16-kanadaЖан-жануарларды қатты жақсы көретін канадалық екі жас жұбай 1000 мысықтың ортасында үйлену тойларын өткізді. Қазір АҚШ-тың Калифорния штатында тұрып жатқан Доминик Юссон мен Лузи Веронно осы үшін Канаданың Квебек қаласына ұшып келіп, мысықтарға арналған «Мысықтар үйі» атты арнайы баспанаға барған. Сол жерде тойларын да жасаған. Ал өздерін құттықтап келген туған-туыстарына сыйлықты мысықтар мекеніне тарту етуді өтініпті. Ашқарақ түлкі құты ішіне түсіп кетті Англияда түлкінің баласы – мыршай жер жаңғақ майы құйылған банкінің ішіне басын тығып, шыға алмай қалды. Атының өзі Арахис, яғни жер жаңғақ аталған түлкі баласы бұдан үш апта бұрын туылған екен. Жұрт мыршайдың Уилтшир графтығындағы крематорий территориясында басына банкі киіп алып, оны жарып жіберу үшін плитаға ұрып жүргенін көріп қалады. Оны жануардың басынан 40 жастағы Кевин Дрю шығарып алады. Енді сәл уақыт тұрса түлкі баласы тұншығып өлгелі тұр екен. Ғарышқа әуе шарымен ұшатын адам да табылды алемҚытай ғалымдары алдағы бірнеше айда бір адамды ғарышқа стратос­татпен ұшыруды жоспарлап отыр. Осы үшін арнайы парашют комбинезоны да дайындалған. Ал кеңістікке әуе шарымен адам ұшыру машақаты ғарыш турисінің қалтасынан 77 мың доллар ақша шығартады. Осылайша, тарихта бірінші адам 11-50 шақырым қашықтық аралығында страсфора аумағына көтеріледі. Күнге қақталған түйе иесін өлтіріп тастады 27-05-16-verbliudҮндістанда ұзақ уақыт ыстық күннің қызуына әбден қақталған түйе осы үшін қатты ыза болып, өз иесінің мойнын жұлып алды. Қайғылы оқиға Раджстхан штатына қарасты Бармер қаласында орын алған. Жануар аяқтары мен қолы бұғауланған қалпы үйдің ауласында тұрып қалған. Иесі оның байлаулы күйде қалғанын кешке бір-ақ есіне түсіреді. Бұғаудан босатуға келгенде, түйе иесіне тап беріп, мойнын жұлып алады. Әлемде телефон-роботтар саудаға түсті 27-05-16-robot_telefonЖапонияда «РоБоФон» атты жаһандағы бірінші телефон-робот сатыла бастады. Қазір аталмыш телефонның би билеп, ән салатыны, жүре алатыны айтылып жатыр. Бірінші сауда күні телефонның алдын ала тапсырысы алынған 1000 данасы сатылыпты. Содан кейін сауда орындарына жаппай жіберілгелі тұр. Бағасы 1800 долларды құрайды. Компания алдағы уақыттарда айына осындай 5000 қондырғыны сатуға үміттеніп отыр. 21-дегі жігіт 71-дегі әйелге үйленбек болды 27-05-16-svadbaТунистің 21 жастағы азаматы 71-дегі швейцариялық әйелге үйленуге әрекет жасап көрді. Бірақ Швейцария соты жас жігіттің өзінен 50 жас үлкен кісіні жар етуге деген ықыласынан ешқандай да сүйіспеншіліктің ізін таба алмай, бұл некенің тіркелуіне үзілді-кесілді тыйым салды. Бұған жауап ретінде әйел жігітпен екеуінің көп нәрсеге көзқарастары бірдей екенін айтқан. Олар бұдан үш жыл бұрын интернетте танысқан екен. Ал былтыр бір-бірін бірінші рет көріпті. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды  
Соңғы жаңалықтар