28 Мамыр, 2016

Зейнеткер диссертациясын Мәскеуде қорғады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ардагер мұнайшы Көркембай Алданиязов бұл саланың қыр-сырын бес сауса­ғындай біледі. Бұдан бірнеше жыл бұрын Форт-Шевченко қаласынан Ақтауға қоныс аударған соң, облыс орта­лығындағы арнаулы орта және жоғары оқу орындарында студенттерге мұнай тақырыбы бойын­ша дәрістер оқыды. Саланы терең білгендіктен, ол 100-ге жу­ық ғылыми мақаланың авторы атанды, сондай-ақ, оның еңбектері аймақтағы мұнайшы мамандығына оқытатын оқу орындарында пайдаланылып келеді. К.Алданиязов өндірістегі шығындарды азайту мәселесі бойынша 10 жылға жуық ізденіп, дайындалған еңбегін Мәскеуде сәтті қорғап шықты. Ресейлік ғалымдар қазақ қартының еңбегін жоғары бағалап, таңданыстарын жасырмаған. Ал 80 жасқа таяп қалған, 3 баладан 8 немере, 2 шөбере сүйіп отырған қарияның ендігі мақсаты – еңбектерін қазақ тіліне аударту. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы