Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жастар үш тұғырлы тіл саясатын қолдайды. Қазақстандағы жастар дамуының басты бағдарлары» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингке «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Айдын Сәбитов, «Сарыарқа» кәсіпкерлер қауымдастығы басқарма кеңесінің мүшесі Эрик Сағиев, «Жас Ұлан» біріккен балалар мен жасөспірімдер ұйымы төрағасының орынбасары Александр Тен, Қазақстан студенттері Альянсының жетекшісі Мержан Әбілқас және Астанадағы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің мұғалімі Әсет Қабдиев қатысты.
Брифинг барысында Айдын Сәбитов үш тілде білім беру жүйесін мектептер мен жоғары оқу орындарына енгізу қажеттігін 300 мыңнан астам қазақстандық жастар қуаттап отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл мәселеде «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы, «Болашақ» стипендиаттары қауымдастығы және басқа да ұйымдар ерекше қолдау білдірген.
Жиында жастар ұйымдарының өкілдері қазіргі таңда халықаралық ағылшын тілін білудің маңыздылығын Қазақстанның әрбір жас азаматы түсінетінін, үш тілді білудің келешекке жол ашатынын атап өтті. Олардың сөзіне қарағанда, болашақта Қазақстанды жаңа буын дамытады, сондықтан мемлекетіміздің ертең әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен бір деңгейде болу үшін жастар ағылшын тіліне немқұрайлы қарай алмайды.
Жиында Эрик Сағиев, Мержан Әбілқас, Әсет Қабдиев және Александр Тен өз ойларын ортаға салып, үш тұғырлы тіл саясатын жүргізу уақыт талабы екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар мемлекеттік тіліміздің мерейін өсіру бағытындағы жұмыстарды да күн тәртібінен түсірмеу керектігіне баса назар аударды. Мәселен, қазақша еркін сөйлейтін Александр Тен мемлекеттік тілді үйрену мен дамытудың маңыздылығын айта келіп, ағылшын тілін білудің де уақыт талабы болып тұрғанын көлденең тартты. Оның айтуынша, өскелең ұрпаққа әлемдік ғылым жетістіктеріне қол жеткізу, халықаралық үдемелі тәжірибелерді меңгеру қажет. Сондықтан, ағылшын тілін білу өте маңызды. Сондай-ақ, ол үш тұғырлы тіл саясаты барлық жастарға тең мүмкіндіктер беретініне ерекше атап көрсетті.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың ұлы қамауға алынды
Әлем • Бүгін, 14:03
Қазақстанда қылмыс деңгейі 9 пайызға төмендеген
Президент • Бүгін, 13:50
115 мың студент жатақханаға мұқтаж: мәселе қалай шешілмек?
Парламент • Бүгін, 13:37
Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды
Әдебиет • Бүгін, 13:18
Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45