01 Ақпан, 2011

Басты проблемамыз ауыз су еді

562 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Су – тіршілік нәрі. Сусыз өмір жоқ. Әсіресе ауыз су тапшылығы орын алған кезде өмір сүру тіптен күр­де­лене түседі. Соңғы жылдары біздің Болашақ ауылының тұрғын­да­ры дәл осындай ауыр халді бастарынан кешіріп келеді. Өзінің биылғы Жолдауында Елбасы осы кө­кей­кесті мәсе­ле­ні көтерген кезде, алғашын­да абдырап, артынан қатты қуандық. Себебі Президент біздің ауыл­да болмаса да, мұн­дағы тұр­ғын­дардың ауыз судан үлкен қиындық көріп отырға­нын көрмесе де – соны алдын ала біліп, болжап отыр­ғандай әсер қалдырды бізге. Бұл Мемлекет басшысына аса қажет қасиеттің бірі деп есептейміз. Иә, Нұрсұлтан Әбішұлы атап көрсеткендей, республика көлемінде тасымал­дана­тын ауыз су көлемі төрт есеге дейін кемігені өте сүй­і­ніш­ті жәйт. Ендігі жерде бұл көрсеткіште меже шегі бола алмайтынын Жолдаудан ай­қын сезіндік. Елбасы бұдан сегіз жыл бұ­рын республикада қабылдан­ған ауыз су сапасын жақсарту жөніндегі бағдарлама бірқатар оң нә­тижелерге жеткізгенін айта келе, осы істі аяғына дейін алып бару жөнінде атқару­шы органдар алдына нақты міндеттер койды. Бұл кеше теледидардан өзіміз көріп тыңдағандай – ауыз сумен қамту жүйелерін түбегейлі жаңғырту, жер ас­ты су қорлары картасын жасап, оны түбегейлі зерттеу мен іздестіру болмақ. Тұтас мемлекет ауқымында қолға алына­тын осындай іргелі істер мен ізденістердің нәти­же­сінде 2020 жылға дейін қала тұр­ғындарын таза, сапа­лы ауыз сумен қамту 100 пайызға жеткізілмек. Осы мерзім аралы­ғында таза ауыз суды тұты­натын ауыл тұр­ғындарының үлесі 80 пайызды құрамақ. Бұл әрине ұлан-ғайыр үлкен жетістік бол­мақ. Сондай-ақ рес­публи­ка­да­ғы су шаруашылы­ғымен ай­налысатын мүдделі ведомстволар мен құзырлы меке­ме­лердің барлық іс-қимыл­дары мен мүмкіндіктері осы мақсатқа жұмылды­ры­латын болғаны да – ауыз су тап­шы­лығын тартудай-ақ тар­тып жүрген Болашақ ауылы­ның тұрғындарына үлкен сенім ұялатады. Біздер қазіргі жағдайда ауыз суды 35 шақырым қа­шық­тықтағы Қайыңды ауы­лы­нан тасымалдап ішіп отыр­мыз. Осыған қатты күйі­нетін едік, қиналатын да едік. Осы мүшкіл жәй-күйі­міз бен жан­ай­қайы­мызды өзінің биылғы Жол­дауында Елбасы дөп бас­қандай бол­ға­ны – Нұрсұлтан Әбіш­ұл­ы­­ның көрегендігі, қа­рапайым тұрғындардың мұң-мұқтаж­дары­на әрдайым сергек көңіл­мен қарай білетін кісілік кел­бетінің көрінісі деп білеміз. Мүтиғолла ХАЛЕЛОВ, Болашақ ауылының тұрғыны. Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы.