Елбасының дүйім жұртқа жол тартқан «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспары бойынша, 97-қадамда айқындалған «Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру» тапсырмасы бойынша Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.
Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева аталған тапсырма аясында орындалған жұмыс барысымен таныс етті. Ұлт Жоспарында айқындалған осы мәселе бойынша «Өзін-өзі реттеу туралы» заңның қабылданғанын ескере келе, оның мемлекеттік реттеудің келеңсіз аспектілерін жоюға, отандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ, нарыққа қатысушылардың тұтынушылар алдында жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік беретінін атап айтты. Және де осы заң шеңберінде кәсіпкерлік пен кәсіби қызметті реттеудің жаңа институтының енгізіліп жатқанын атап кеткен маңызды. Заң кәсіпкерлер мен кәсіпқойларға саланы реттеуге тікелей қатысу арқылы нарықта ойын ережелерін және талаптарды өз бетінше айқындауға мүмкіндік береді, деді.
Сонымен қатар, заңмен ерікті және міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеудің екі түрі анықталатынын, ерікті өзін-өзі реттеу мемлекеттік реттеумен бірге әрекет етіп, өзін-өзі реттеу субъектілеріне және олардың қызметіне заңнамамен белгіленген талаптардан жоғары талап орнататынын көлденең тартты.
Міндетті өзін-өзі реттеу салалық заңдармен енгізіледі және мемлекеттік функцияларды іске асырумен немесе мемлекеттік органдармен орындалатын белгілі бір функцияларды бөлу қажеттілігімен байланысты. Заңның 23-бабына сәйкес, барлық реттеу органдары 2017 жылғы мамырға дейін кәсіпкерлік немесе кәсіби қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігімен қолданыстағы коммерциялық емес ұйымдар базасында міндетті өзін-өзі реттеу ұйымдарын құруға бағытталған шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс, деді Ғ.Жолдыбаева.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан»

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03
Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:54
Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50