Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында бүгінгі күні жұртшылық назарын аударып отырған жерге қатысты жайлар әңгіме арқауына айналды. Онда осы мәселеге байланысты айтылған ұсыныстар мен пікірлерді жинақтап, республикалық комиссия қарауына жіберу туралы ортақ шешім қабылданды.
Аталған жиынға кеңес мүшелерімен қатар, жергілікті биліктің, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елубаев жер заңдылығындағы өзгерістерге жұртшылықтың бей-жай қарамауына байланысты халық арасында қызу талқылаулар жүріп жатқанын еске алып, мәселенің мәнісіне қатысты жиналғандардың өзіндік ой-тұжырымдарын ортаға салуды ұсынды.
– Бізді алаңдататыны кейбіреулердің Қазақстанда жер шетелдіктерге сатылады деген жалған ақпарды таратып жіберуі. Мұның өзі бірқатар түсінбестіктерге жол ашты. Соған байланысты түсіндіру жұмыстары жандандырылды. Елбасы Жер кодексінің жекелеген тармақтары бойынша белгілі бір мерзімге мораторий жариялады. Президенттің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеуде. Біздің мақсатымыз нақты іс-шаралармен жұртшылықты айқын хабардар ету болып табылады,– деді ол.
Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев жер реформасының негізгі тұстарына тереңірек тоқталып, облыс аумағында осы бағытта атқарылып жатқан шаралар туралы тарата әңгімеледі. Аталған мәселе бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті билік тарапынан қолға алынған жұмыстармен жете таныстырды.
Жерді тиімді пайдалану мәселелерін алға тарта келіп, ауылдарда кооперация құру көптеген түйінді жайларды шешуге септігін тигізетінін жадыға салды.
Облыстық мәслихаттың депутаты, «Айс» ЖШС директоры Марат Итеғұлов, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Бірманов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қабай Сәрсенғалиев және басқалары өздерінің жерге қатысты ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05