28 Мамыр, 2016

Адам үшін қызмет етуі тиіс

859 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
80c45205399078d43875ad0f43a4c013Жалпы, Алматы облысында 22 млн. 356 мың гектар жер бар. Оның ішін­де ауылшаруашы­лық алқаптары 15 млн. 848 мың га болады. Был­тырғы жылы 319 млн. 500 мың теңгеге 21 мың 800 га жер сатылды. Шаруа қожалықтарын ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін конкурстық негізде 363 мың 221 га ауыл шаруашылығы мақ­сатындағы жер берілді. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге 2011-2014 жылдары жүргізілген тексеру және түгендеу жұмыстары нәтижесінде пайдаланылмай бос жатқан 610 мың 30 га жер бар екендігі анықталды. Сол жердің 285 мың 660 гектары мемлекет меншігіне қайтарылып, 324 мың 640 га жерді пайдалануға алған тұлғалар игерді. «100 нақты қадам» Ұлт Жос­па­ры­ның 35-қадамына сәйкес, ауыл­шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану үшін нарықтық айналымға енгізу мақсатында Жер кодексінің тоғыз бабына өзгерістер енгізілгені белгілі. Жер кодексінің 24-бабындағы өзгерістерге сәйкес мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер тек аукцион арқылы ғана жекеменшікке сатылады. 101-бапқа сәйкес жалға алу құқығы оралмандарға, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейінгі мерзімге берiлетін болады. 48-бапқа сәйкес жер учаскесін сатып алу жер учаскесінің кадастрлық құнын арттыру шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы және жер учаскесін оның кадастрлық құнын арттыру шартымен кемінде, екі аукцион өткізу қорытындылары бойынша сату мүмкін болмаған кезде жер учаскесінің кадастрлық құнын төмендету шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы ерекше тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте жер учаскесін оның кадастрлық (бағалау) құнының елу па­йызы мөлшерінен төмен бағаға сатуға жол берілмейді. Сауда-саттықтағы (конкурстардағы, аукциондардағы) объектінің ең төменгі бағасы Жер кодексінің 14-1 және 153-баптарында белгіленген мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін «Азаматтарға ар­налған үкімет» мемлекеттік корпорациясы белгілеген жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы құзыреттері шегінде бекіткен кадастрлық (бағалау) құнынан төмен емес мөлшерде бел­гіленеді. Жер учаскелеріне бекітілген базалық ставкаларға сәйкес, топырақтың құнар­лылығына қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің 1 гек­тар құны: суармалы егістік үшін – 82,0 – 127,0 мың теңге, тәлімі егістік – 14,0 – 31,0 мың теңге, жайылым – 2,0 – 10,0 мың теңге, шабындық 12,0 – 13,0 мың теңгені құрайды. Шетелдік азаматтар, аза­маттығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұл­ғалар аукционға қатыса алмайды. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 36-қа­дамында, жер учаскелернің пайдалану мақсатын өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңіл­дету көзделген. Қазіргі қолданыстағы жер заңнамасының талаптарына сәйкес, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен кезінен бастап күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімде қаралады. Аталған қызмет түрі мемлекеттік қызмет көр­сету тізіліміне енгізілген. 97-баптың 3-тармағына енгізілген өзгерістер бойынша ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілер салу кезінде мұндай жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту талап етілмейді. Облыс аумағында барлығы 61 мың 126 ауылшаруашылық субъектілері бар. Жер көлемі 8 млн. 500 мың га, оның 6%-ы ғана жекеменшікте, көлемі 550 мың 300 гектарды құрайды. Қалған шаруашылықтардың 94% жер көлемі, яғни 7 млн. 950 мың га уақытша жер пайдалану құқығында. Жер қатынастарын реттеу және ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жерлерге мониторинг жүргізу үшін облыстың ауылдық округтер, аудандар (қала) бойынша ауылшаруашылық алқаптарының кешенді картасы әзірленді. Облыс көлемінде әзірленген карта әрбір жер пайдаланушыға жер алқаптары бо­йынша толық мәлімет алуға, сондай-ақ, мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобаларды, жерлерді мемлекет мұқтажы үшін алып қою мақсатында оларды резервке қою кезінде жер учаскесін таңдауға мүмкіндік береді. Картаның мәліметтері (жер санаттары, пайдаланылмай жатқан жерлердің көлемі, суару жүйелерінің жағдайы) жыл сайын жаңартылып тұрады. Қазақстан Республикасы Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге түсіндірме жұмыс­тарын жүргізу мақсатында облыстық кәсіп­керлер палатасымен аудан, қала жер пайдаланушылармен бейнеконференция­лар өткізілді.  Жолан УМАРОВ, Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Талдықорған            
Соңғы жаңалықтар