01 Ақпан, 2011

Рекордтар

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Азия ойындарында жарыстар­дың алғашқы күні коньки тебу спортынан құрлықтың жаңа рекорды жасалды. Күншығыс елінің өкілі Масако Ходзуми 3 мың метрлік қашықтықты 4 минөт 7,82 секөнтте жүріп өтіп, Жапонияның қоржынына осымен үшінші алтын медаль қосты. Ал кеше Азиа­даның екінші ре­корды өмірге келді. Корейлік конькиші Сьюн Хун Ли 5 мың метрлік қашықтықтағы жарыста алтын ме­даль­ды мойнына тақты. Оның ал­дын­да өткен жылдың қаңтар айын­да Азия рекордын (6 минөт, 26,38 секөнт) Ли Сын Хун жасаған. Ал биылғы сында оңтүстіккореялық конькиші 5 мың метр қашықтықты 6 минөт 25,56 секөнтте жүріп өтіп, бас жүлдені жеңіп алды. Осы жа­рыс­тағы екінші жақсы көрсеткішті Дмитрий Бабенко көрсетті. Ол аталмыш қашықтықты 6 минөт 28,4 секөнтте жүріп өтті.