30 Мамыр, 2016

Қазақ медицина университетінің бұрынғы ректоры қайтыс болды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-05-16-akanov

АСТАНА. 30 мамыр. С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің (бұрынғы – Алматы мемлекеттік медицина институты) бұрынғы ректоры Айқан Ақанов кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы NewTimes.kz ақпарына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақанов өмірден өтті», деп жазады аталмыш жоғары оқу орнының әкімшілігі өзінің  Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында. «Денсаулық сақтау саласының үздік және аса көрнекті ұйымдастырушыларының бірі 65 жасында өмірден өтті. Оның ректорлығы жылдарында біздің университетіміз білім беру процесінде өте жоғары деңгейге көтерілді», - делінген университет хабарламасында. Айқын Ақанов бұрынғы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы ауылында  1951 жылы туған. Отбасылы: жұбайы – Гүлнар Ақанова (1952 ж), ұлы – Жанат Ақанов – дәрігер-терапевт, қызы – Әсия Ақанова. Талғат Райымбек. Дерек, фото: NewTimes.kz.
Соңғы жаңалықтар