01 Ақпан, 2011

Жоба нәтижелері оң бағаланды

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Қазақстан Респуб­лика­сындағы Адам құқықтары жө­ніндегі уәкіл Асқар Шәкіров адам құқықтарын қорғау сала­сындағы БҰҰ сарапшысы, «Азап­тауларға қарсы күрес: Қазақ­станда ұлттық алдын алу тетігін құру» жобасының іске асыры­луын бағалау үшін келген Ұлы­британия Сыртқы істер ми­нис­трлігінің өкілі Эмили Саммерспен кездесті. Кездесу барысында тараптар Азаптауларға және басқа да қа­тыгез, адамгершілікке жатпай­тын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы БҰҰ Конвенциясына біздің еліміз ратификациялаған Факультативтік хаттама аясында «Ха­лық­аралық түрме реформасы» (PRI) ұйымының қазақстандық омбудсмен офисімен бірлесіп жүзеге асырған жобасының нәти­желерін оң бағалады. Сондай-ақ, Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігін Қазақ­станда құру мәселесі бойынша пікірталас өтті, қазіргі уақытта оның тұжырымдамасын Қазақ­стан Республикасының Үкіметі әзір­леуде, деп хабарлады Адам құ­қықтары жөніндегі уәкіл аппа­ра­тының баспасөз қызметі.