31 Мамыр, 2016

Бірлік пен еңбектің алмайтын асуы жоқ

231 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Б Орынбеков 1 (1)Әрине, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тарих үшін қысқа ғана мерзім болғанымен, бұл жылдар қазақстандықтар үшін айтулы уақыт болды. Қазақстанның жаңа дәуірдегі жарқын жеңістерінің іргетасы саналатын, тарихи серпілістер күтілген егемендіктің осынау жылдарында еліміз ішкі-сыртқы саясатта, экономикада, әлеуметтік жаңғыртуда және қоғамның өзге де салаларында толайым табыстарға жетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған өзінің жыл сайынғы Жолдауларында қолжетімді тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау нысандарын, сондай-ақ, спорт және әлеуметтік-мәдени нысандарын салуды, жол құрылысының маңыздылығын атап өтеді. Бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруын тереңдетіп, дамуын арттыра түсетін жаңа стратегиялық бағыт, жаңа міндеттер жүктейді. Өткен жылы Жамбыл облысында 64 нысанның құрылысын жүргізуге 23,0 млрд. теңге бө­лінді. Оның ішінде білім саласы бойынша 30 нысанның құрылысына бөлінген 7,1 млрд. теңге толығымен игеріліп, 20 нысан пайдалануға тапсырылды. Денсаулық сақтау саласы бойынша 6 нысанның құрылысы жүргізіліп, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен бөлінген 7,8 млрд. теңге 100 пайызға игеріліп, 4 нысан пай­далануға берілді. Өңірдегі құрылыс қарқыны биыл да толастамайды. 2016 жылы білім беру жүйесіндегі нысандарды дамытуға 5972,9 млн. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан – 3298,2 млн. теңге, респуб­ликалық бюджеттен – 652,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен  2022,7 млн. теңге (қосымша қаржыландыру) қарастырылған. 1 мамырға дейінгі есеп бойынша 935,8 млн. теңге немесе есепті кезеңнің жоспарына 92,5 пайыз игерілді. Биылғы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен Байзақ ауданы, Түймекент ауылында және Тараз қаласының Құмшағал стансасында әрқайсысы 300 орындық 2 орта мектептің, Қордай ауданы Масанчи ауылында, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында және Тараз қаласының «Салтанат» шағын ауданында әрқайсысы 280 орындық 3 балабақшаның, бұдан басқа республикалық бюджеттен – Тараз қаласында 300 оқушыға арналған орта мектептің және жергілікті бюджеттен – 3 орта мектептің және 2 балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл 2 орта мектептің құрылысы (Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы Т.Қожакеев көшесі №1 мекенжайында 600 оқушыға және Тараз қаласы «Салтанат» шағын ауданында 1000 оқушыға арналған №30 орта мектептер) басталады. Денсаулық сақтау саласына келер болсақ, 2016 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Меркі ауылында және Қаратау қаласында әрқайсысы ауысымына 250 келушіге арналған 2 емхана нысанын салу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 дәрігерлік амбулатория (Байзақ ауданы Бурыл ауылында ауысымына 40 келушіге және Сарысу ауданы Жайылма ауылында 20 келушіге арналған), Талас ауданы С. Шәкіров ауылында 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт, Мойынқұм ауданы Қияқ­ты стансасында 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысын аяқтау, Шу қалалық ауруханасының қазандығы мен ас даярлайтын блогын және 2 дәрігерлік амбулаторияны (Т. Рысқұлов ауданы Луговой стансасында және Құмарық ауылында) газ отынмен қамтамасыз ету қарастырылған. Қай өңірдің болсын дамуында өнеркәсіп саласының маңызы ерекше. Жалпы алғанда үстіміздегі жылдың қаңтар-сәуірінде 106449,3 млн. теңгеге өнеркәсіп өнім­­дері өндірілді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 12,3 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде  6,1 пайызға өсуі байқалады. Сондай-ақ, биыл ИИДМБ аясын­да инвес­тиция көлемі 15,4 млрд. теңгеге 380 жұмыс орны ашылатын 8 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бүгінде өңірде шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъек­тілер саны 67,4 мың бірлікті құрайды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға 2016 жылы 2,3 млрд. теңге бөлінді. Жалпы, іске асыру бас­талғаннан бері қолдаудың барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 56,3 млрд. теңгені құрайтын 578 жоба іске асырылуда, оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 45,1 млрд. теңгені құрайтын 470 жоба қолдау тапты. Облыс көліктерімен ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында жолаушы тасымалдау көлемі өткен жылдың 4 айы­мен салыстырғанда 4 пайызға артты. Жамбыл облысында 1 автовокзал, 8 автостанса және 1 жолаушыларға қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 23 тасымалдаушы мекеме барлығы 161 маршрутта 1145 автобуспен қызмет көрсетіп келеді. Жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін көтеру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2011-2015 жылдар аралығында 551 дана жаңа автобус сатып алынды. Биылғы жылдың өзінде 22 жаңа автобус әкелінді. Облысымызда 373 елді мекен бар, олардың 335-іне автобус қатынасы орнатылып, елді мекендердің көлік қатынасымен қамтылуы 89,81 пайызды құрап отыр. Жамбыл облысын дамы­тудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, тұрғындар саны 100 адамнан асатын жол жағдайы бар елді мекендердің қоғамдық көлік қатынасымен қамтылуын 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Аталған 373 ауылдың 10 елді мекенінде тұрғындар саны 100 адамнан аспайды. Яғни, 2020 жылға дейін біз 363 елді мекеннің көлік қатынасымен толық қам­тылуына қол жеткізуіміз қажет. Бүгінгі таңда еліміздің азаматтарына, оралмандарға және елімізде тұруға ықтиярхаты бар адамдарға, олардың мүлікті жария етуіне байланысты жұмыстар жалғасын табуда. 2016 жылдың 25 мамырына Жамбыл облысы бойынша құны 33988,8 млн. теңгені құрайтын 7028 жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініштер қабылданды. Оның ішін­де құжаттары толық болмауына байланысты 291 өтініш қайтарылса, құны 33284,6 млн. теңгені құрайтын 6594 жылжымайтын мүлік жария етілді, қалған 143 өтініш құрылған комиссиялармен қаралу үстінде. Жария етілген мүліктердің саны бойынша Тараз қаласы, Байзақ және Меркі аудандары алда келе жатса (сәйкестік 1644, 984 және 817), бұл көрсеткіш бойынша Сарысу ауданында – 236, Талас ауданында – 220, ал, Мойынқұм ауданында бар болғаны 38 мүлік жария етілген. Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жос­парын орындау мақсатында жекешелендіруге және бәсекелес ортаға беруге жататын 12 ұйым бойын­ша шешім қабылданды. Оның ішінде 3 ұйым 2016 жылы, 1 ұйым 2017 жылы, 3 ұйым 2018 жылы және 5 ұйым 2020 жылы бәсекелес ортаға беруге жатады. 2016 жылы бәсекелес ортаға беруге жататын 3 ұйым бойынша оларды кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөнінде шешімдер қабылданды. Қазіргі уақытта, жоғарыда аталған 2016 жылы сенімгерлік басқаруға берілетін үш нысанның құны бағаланып, сату алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазір заман ағымын түйсінген, ғылым мен техниканың про­гресінен кеш қалмайтын халық қана ХХІ ғасырда бәсекелестікке төтеп бере алады. Аға буын тәуелсіз еліміздің тұғырын бекемдей түссе, жастар үшін тәуелсіздікті сақтау, елге қызмет ету деген қасиетті міндеттер әлі алда тұр. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойын Қазақстан әлеуетті, айбарлы мемлекет ретінде қарсы алғалы отыр. Оған сіз бен біз куәміз. Мұның барлығы Президентіміздің алға қойған биік мақсаттарының, халқымыздың ауызбіршілігі мен еңбекқорлығының арқасында қол жеткізген ортақ табыстарымыз. Бірлік пен еңбектің алмайтын асуы жоқ. Ендеше, алға қойылған мақсаттың жемісті орындалуына жамбылдықтардың қосатын үлесі зор деп білемін. Бекболат ОРЫНБЕКОВ, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары ТАРАЗ